"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 291-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мектептен тыс ұйымдардың қызметi туралы ережесiнде:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Мектептен тыс ұйымның әрбiр түрi қызметiнiң тәртiбін Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұйым өз бетiнше Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен мектептен тыс ұйымның әрбір түрi қызметiнiң тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негiзiнде өз қызметiнің бiлiм беру бағдарламасын әзiрлейдi.".