1. "Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға арналған мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127
қаулысына
мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiнде:
1-2-тармақ "сыйлық беру" деген сөздерден кейiн ", материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ алынып тасталсын.