Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1186 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанына Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Берсімбаев Рахметқажы Ескендірұлы енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі