Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1032 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мұқтаж азаматтарға олардың бiлім алу кезеңiнде берiлетiн әлеуметтік көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 261-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мұқтаж азаматтарға олардың білiм алуы кезеңiнде берілетін әлеуметтік көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы нұсқаулықта:
      2-тармақтың үшiншi абзацындағы "бала кезiнен мүгедек балаларды" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақ "бала кезiнен мүгедек балаларды" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балаларды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі