Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 6 қыркүйектегі
N 936 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы білiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк білім мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбiнде:
2-2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнің (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметін бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 8-құжат):
2-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігiмен (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөніндегi іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi N 487
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 171-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) жоспарда көзделген іс-шараларды тиiсiнше және уақтылы орындауды қамтамасыз етсiн және олардың орындалуы жөнiндегi ақпаратты жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттігіне (қаржы полициясы) ұсынсын.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шiлдеге Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоспардың орындалу барысы туралы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуы туралы жиынтық ақпаратты және Қазақстан Республикасының Президентi баяндамасының жобасын ұсынсын.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
"2003-2005 жылдар" деген бөлiмде:
"Орындалуына жауаптылар" деген бағанда:
реттік нөмiрлерi 1, 11, 13, 14, 15, 16, 24, 29, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 39, 40-жолдардағы "ҚПА" деген аббревиатура "ЭСЖҚА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрлерi 32, 34-жолдардағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген қысқарған сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген Жоспарға ескертуде:
"МАҚКМ - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі" деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Ақпаратминi - Ақпарат министрлiгі
ЭСЖҚА - Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгі (қаржы полициясы)".
4. "2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында (Литва Республикасы) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 839
қаулысына
:
3-тармақта "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында (Литва Республикасы) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында қол жеткізілген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарында:
"Орындалуына жауаптылар" деген бағанда:
реттік нөмiрi 2-жолда:
1), 2) тармақшалардағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi", "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі", "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң Кеден комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігi, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігi (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3-жолдағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды peттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 7-жолдағы "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттігі, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 10-жолдағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетi, Қаржы полициясы агенттiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттігі" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгі, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.14. N 327 Қаулысымен).
6. "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
реттік нөмiрлерi 56, 57, 58, 63, 66, 70-жолдардың "Жауапты орындаушылар" деген бағанында "ҚПА" деген аббревиатура "ЭСЖҚА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
7. <*>
Ескерту. 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.05. N
371
(қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
8. "Зияткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келiсiмдi орындауға жауапты мемлекеттік органдардың тiзбесiн белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1141
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 43, 465-құжат):
1-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.