"Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесi құрамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 933 қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Заңының  24-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстанның Даму Банкi" (Бұдан әрi - Даму Банкi) акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi - Әсет Өрентайұлы Исекешевтi Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау;
      2) Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамынан Асқар Ұзақпайұлы Маминдi шығару ұсынылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі