Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негiзгi келiсiмге Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келiсiмге Хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі
2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келiсiмге хаттама
Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi (бұдан әрi "Тараптар" деп аталады),
2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келiсiмдi (бұдан әрi "Негізгі келiсiм" деп аталады) негізге ала отырып,
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу жөнiндегі жоспарларды уақытылы және табысты iске асыру мақсатында
төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Негізгi келiсiмге мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры мұнай тасымалдаудың халықаралық жүйесi болып табылады.
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының техникалық бiртектiлiгiн және оны тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жобалауға, жобаны басқаруға, салуға, пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды (шарттарды, келiсiмдердi) жасасқан кезде Тараптар мұнай және газ өнеркәсiбiнде халықаралық танылған болып табылатын жалпы танылған техникалық ерекшелiктердi қолдануға келiседi.";
2) 5-бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын жобалау, салу, пайдалану қызметінiң негізгі нысаны болып табылатын 2004 жылғы 17 мамырдағы "Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершілігі шектеулi серiктестігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы мен Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы арасындағы Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салудың негізгі принциптерi туралы келiсiмге сәйкес құрылған ұйым болып табылады.
"Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершілігі шектеулі серiктестiгінiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетін қызметтердi сатып алуы Қазақстан Республикасы Yкiметінiң қаулысымен бекiтiлетін тiзбеге сәйкес сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардан, жұмыстардан, көрсетiлетiн қызметтерден басқа Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын iске қосқанға дейiн осы бапта аталған қызметтiң негізгі нысанасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
(РҚАО-ның ескертуі. Z020321 ; V022041 ; P040284 қараңыз).
2-бап
Осы Хаттама оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және Негізгі келісiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Хаттама 2004 жылдың "___" _________ Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi барлық мәтiндерінің күшi бiрдей.
Осы хаттаманың ережелерiн түсiндiру немесе қолдану бойынша келiспеушіліктер пайда болған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегі мәтiнге жүгінетiн болады.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының
Yкіметi үшiн Үкiметi үшiн