Шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 284 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мамандандырылған даярлау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымындағы қызметкерлерді даярлау мен біліктілігін арттыруды (арнайы оқыту курсы) жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының бірі ретінде белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі