Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 шiлдедегі N 713 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 21, 222-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
4-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Микропроцессорлық карточкалар негізiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасында:
"Микропроцессорлық карточкалар негізiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 7-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі