Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 912 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн толықтырулар мен өзгерiстер бекiтілсiн.

      2. Осы қаулы, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн толықтырулар мен өзгерiстердiң 3-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 12 шiлдеден бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкіметінің       
2004 жылғы 31 тамыздағы 
N 912 қаулысымен    
бекітілген       

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн толықтырулар мен өзгерiстер

      1. "Әскери қызметшілерге (мерзiмді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсету шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 29 мамырдағы N 593  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 16, 170-құжат):
      тақырыбында және 1-тармақта "мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден" деген сөздерден кейiн "және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан" деген сөздермен толықтырылсын, "тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсету" деген сөздер "жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсету шығыстарын төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi туралы ережеде:
      тақырыбы және мәтiнi "мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшілерден" деген сөздерден кейiн "және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан" деген сөздермен толықтырылсын, "тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсету" деген сөздер "жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Әскери қызметшілердi азық-түлікпен ақылы қамтамасыз ету және әскери бөлiмдер ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражатты пайдаланудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1152  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 387-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Әскери қызметшiлер (мерзiмдiк қызметтегi әскери қызметшілерден басқа) мен олардың отбасы мүшелерін азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз етудiң ережесiнде:
      2-тармақтағы "шекара заставаларында, шалғай аудандарда орналасқан оқшау жабық гарнизондарда" деген сөздер "жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң әскери бөлiмдерi ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiндегi:
      2-тармақта "шекара заставаларында, шалғай аудандарда орналасқан оқшау жабық гарнизондарда" деген сөздер "жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерiне почталық жөнелтiлiмдер үшiн ақшалай өтемақы мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 1365  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 46, 467-құжат):
      тақырыбы және 1-тармақтағы "мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшілерiне" деген сөздерден кейiн "және әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 262  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 2, 131-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген "Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесiнде":
      3-тармақтың бiрiншi абзацында:
      "аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар" деген сөздер "қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар" деген сөздер "қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы "жиын" деген сөз алынып тасталсын;
      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) өтемақы алуға құқығы бар (2-қосымша) адамның әскери қызметтi өткерген кезеңiн көрсете отырып өтемақы алуға құқық беретiн (10-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген адамдардан басқа), оқиға сәтiндегi ақшалай үлестiң мөлшерi туралы әскери бөлiмнiң анықтамасы";
      6-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға" деген сөздер "қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаларға (бөлiмдерге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "аудандық (қалалық) әскери комиссариаттың" деген сөздер "қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалардың (бөлiмдердiң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың бiрiншi абзацында:
      "аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға" деген сөздер "қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаларға (бөлiмдерге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтың 1) тармақшасында:
      "аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар" және "облыстық әскери комиссариаттарға" деген сөздер тиiсiнше "қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер)" және " қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      "Облыстық әскери комиссариаттар" деген сөздер "Қорғаныс iстерi жөнiндегі департаменттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) әскери қызметшi қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігi анықталған немесе ол әскери қызмет кезеңiнде мертiккен жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе ол мертiккен күнге соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлесiнiң жалақысынан, Заңның 14-бабында белгiленген мөлшерде;
      2) әскери қызметшi әскери қызметтен босатылғаннан кейiн қызмет өткеру кезеңiнде алған мертiгуi (контузиясы), сырқаттануы салдарынан қайтыс болған жағдайда, босатылған сәтiнен бастап қайтыс болған күнгi соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлес жалақысының өзгеруiн ескере отырып, Заңның 14-бабында белгiленген мөлшерде;
      3) әскери қызметшiнiң әскери қызметті өткеруiне байланысты контузиясы, мертiгуi, сырқаттануы нәтижесiнде болған мүгедектiгі анықталған жағдайда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiгi анықталған күнгі босатылған сәттен бастап соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлес жалақысының өзгеруiн ескере отырып, Заңның 14-бабында белгіленген мөлшерде;
      4) мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерiне, стипендия алатын әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына, жиындарға шақырылған әскери мiндеттілерге Ереженiң осы тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе мертiккен күнгi жыл сайын республикалық бюджетте белгіленетiн айлық есептік көрсеткiшінің есебiнен, Заңның 14-бабында белгіленген мөлшерде.";
      14-тармақтың 2 абзацында: "өтемақы төлеу" деген сөздерден кейiн "және оны аудару үшiн банктiң қызмет көрсеткеніне төлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      Ережеге 1-қосымшада:
      "Әскери комиссар" деген сөздер "Бастық (командир)" деген сөздермен ауыстырылсын.