"Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн толықтырулар мен өзгерiстер бекiтілсiн.
2. Осы қаулы, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн толықтырулар мен өзгерiстердiң 3-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 12 шiлдеден бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы
N 912 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн толықтырулар мен өзгерiстер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.28 N 1091 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 N 417 қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.18 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. "Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 262 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 2, 131-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген "Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесiнде":
3-тармақтың бiрiншi абзацында:
"аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар" деген сөздер "қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар" деген сөздер "қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "жиын" деген сөз алынып тасталсын;
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өтемақы алуға құқығы бар (2-қосымша) адамның әскери қызметтi өткерген кезеңiн көрсете отырып өтемақы алуға құқық беретiн (10-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген адамдардан басқа), оқиға сәтiндегi ақшалай үлестiң мөлшерi туралы әскери бөлiмнiң анықтамасы";
6-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға" деген сөздер "қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаларға (бөлiмдерге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "аудандық (қалалық) әскери комиссариаттың" деген сөздер "қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалардың (бөлiмдердiң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бiрiншi абзацында:
"аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға" деген сөздер "қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаларға (бөлiмдерге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 1) тармақшасында:
"аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар" және "облыстық әскери комиссариаттарға" деген сөздер тиiсiнше "қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер)" және " қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
"Облыстық әскери комиссариаттар" деген сөздер "Қорғаныс iстерi жөнiндегі департаменттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әскери қызметшi қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігi анықталған немесе ол әскери қызмет кезеңiнде мертiккен жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе ол мертiккен күнге соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлесiнiң жалақысынан, Заңның 14-бабында белгiленген мөлшерде;
2) әскери қызметшi әскери қызметтен босатылғаннан кейiн қызмет өткеру кезеңiнде алған мертiгуi (контузиясы), сырқаттануы салдарынан қайтыс болған жағдайда, босатылған сәтiнен бастап қайтыс болған күнгi соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлес жалақысының өзгеруiн ескере отырып, Заңның 14-бабында белгiленген мөлшерде;
3) әскери қызметшiнiң әскери қызметті өткеруiне байланысты контузиясы, мертiгуi, сырқаттануы нәтижесiнде болған мүгедектiгі анықталған жағдайда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiгi анықталған күнгі босатылған сәттен бастап соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлес жалақысының өзгеруiн ескере отырып, Заңның 14-бабында белгіленген мөлшерде;
4) мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерiне, стипендия алатын әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына, жиындарға шақырылған әскери мiндеттілерге Ереженiң осы тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе мертiккен күнгi жыл сайын республикалық бюджетте белгіленетiн айлық есептік көрсеткiшінің есебiнен, Заңның 14-бабында белгіленген мөлшерде.";
14-тармақтың 2 абзацында: "өтемақы төлеу" деген сөздерден кейiн "және оны аудару үшiн банктiң қызмет көрсеткеніне төлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
Ережеге 1-қосымшада:
"Әскери комиссар" деген сөздер "Бастық (командир)" деген сөздермен ауыстырылсын.