Қазақстан Республикасының " Байланыс туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс рыногын ырықтандырудың бiрiншi кезеңін iске асыру және байланыс операторларының магистральдық тораптардың желілiк ресурстарына және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының байланыс желілерiне қол жетiмділiгін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөнiндегi білiктiлiк талаптары мен өлшемдерi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 27 тамыздағы
N 909 қаулысымен
бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік тараптары мен өлшемдері
Қазақстан Республикасының "
Байланыс туралы
" және "
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
байланыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнде (бұдан әрi - ҚР ОПТЖ) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн ұсыну жөнiндегi қызметтi мынадай байланыс операторлары жүзеге асырады:
қалааралық және халықаралық байланыс операторлары;
халықаралық байланыс операторлары;
қалааралық байланыс операторлары.
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының қызметi уәкілеттi органның телекоммуникация саласындағы қызметті жүзеге асыруға берген тиiстi лицензияларымен айқындалады.
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларын белгілеу бойынша негізгi бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерi:
1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуде өтiнiш берушi мен операторға мынадай негіздерде талаптар қойылады:
1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз дербес жеке және заңды тұлғалардың немесе топ құрамындағы тұлғалардың меншігіне он пайыздан астам дауыс беретiн акцияларды, сондай-ақ байланыс жолдарын басқару немесе пайдалану жөнiндегi қызметтi иеленетiн және (немесе) жүзеге асыратын ұйымдардың үлестерiн, жарналарын сатпайды немесе өзгеше тәсiлмен бермейдi;
2) қалааралық жәнe (немесе) халықаралық байланыс операторлары қолданыстағы және пайдалануға берілетiн жаңа телекоммуникация желiлерiнде және байланыс құралдарында арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыратын ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсiм бойынша уәкiлетті орган анықтайтын жедел-iздестiру iс-шараларын қамтамасыз ету бойынша нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдер талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi;
3) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн беретiн лицензияны алуға (қайта ресiмдеуге) өтiнiш берген кезде өтiнiш берушi (байланыс операторы) өтiнiш берушiнiң (байланыс операторының) акционерлерi (ортақ құрылтайшылары) арасындағы акциялар пакеттерiн (үлестерiн, жарналарын) бөлу жөнiндегi құжаттарды беруге тиiс.
Акцияларды (үлестердi, жарналарды) бөлу өзгерген кезде байланыс операторы екi апта мерзiмде лицензиарға растау құжаттарын ұсына отырып тиiсті ақпаратты ұсынады;
4) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер үсті сегменттерi мен коммутациялық тораптарды, басқару орталығын қамтуы тиiс.
2. Трафик транзитiн қамтамасыз ету және жергiлiктi телекоммуникация желiлерiн дамытуға қатысу бойынша қойылатын талаптар:
1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi транзитiнiң трафигiн iске асыру үшiн желiлiк ресурстарға сұраныстарды ескерiп, ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсiм бойынша, үкiметтiк байланыстың техникалық мүмкiндiктерi мен жабдықталғандығын ескерiп, телекоммуникация желілерiн жаңғыртады, дамытады және магистральды байланыс жолдарын салады;
2) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн бағдарламаларға сәйкес өздерiнiң телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн қамтамасыз ететiн желiлерiн құруды (дамытуды) дербес қарастырады.
3. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын талаптар осы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу бойынша бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерi қосымшамен айқындалады.
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілерiмен басқа байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру уәкiлеттi орган бекiтетiн Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу
ережесiне
сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қалааралық және халықаралық байланыс операторын белгiлеу өлшемдерi:
1) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi жұмылдыру дайындығы бойынша iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуi және мемлекеттiк органдар, қорғаныс, қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiбiн қорғау мұқтаждарын қамтамасыз ету мақсатында мәлiмделген қажеттіліктерге сәйкес алдын ала брондау және шұғыл ұсынуы мүмкiндiгi бар үлгілік арналардың (негiзгi цифрлық және үндiк жиiлiктердi тарату) желілiк тораптары мен станцияларында мiндеттi түрде техникалық бөлу мүмкіндігіне ие болуы тиiс.
2) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi (бұдан әрi - ҚХБОТЖ) тармақталған болуы және кемiнде алты облыс (географиялық нөмiрлеу аймағы) пен Астана және Алматы қалаларының аумағын қамтуы тиiс не осы желiнiң негiзгі элементтерiн құру қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген сәтте бекiтiлген және iске асырылған оператордың телекоммуникация желiлерiн салу және (немесе) жаңғырту жоспарларына кiредi. ҚХБОТЖ коммерциялық пайдалануға енгізу күнi ҚХБОТЖ-ға қатысты және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нормативтiк кесiмдерге толық сәйкес келуi тиiс;
3) көлiктiк желiлердi резервке қою тәуелсiз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылған тәуелсiз айналма жолдарды беру немесе сол тарату желiлерiнде ұйымдастырылатын трактiлерге (арналарға) ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс. Көлiктiк ҚХБОТЖ желiлерi бойынша хабарламаларды тарату сенiмдiлiгіне пайдаланушылар талаптарына қарай трафиктi өткiзуге екi-үш тәуелсiз бағыт берiлуi тиiс;
4) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген (лицензия берілген) сәтте байланыс операторының кепiлiндегi және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желiсi көлiктiк телекоммуникация желiлерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желiлерi) қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен, желiнi басқару жүйесiнен және тактiлi желілiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс;
5) ҚХБОТЖ құрамындағы көлiктiк телекоммуникация желiлерi жалға алынатын не өзiнiң байланыс жолдары негiзiнде жер бетiндегi және жерсерiктiк тарату жолдары бойынша ұйымдастырылуы тиiс;
6) қалааралық және халықаралық байланыс операторы желiсiнiң жер үстiндегi байланыс жолдары бойынша көлiктiк желiнiң шет елдердiң байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiмен кемiнде бiр тоғысу нүктесi болуы тиiс. Тоғысу нүктелерi географиялық таралған байланыс пункттерiнде орналасуы тиiс;
7) iшкi аймақтық байланыс жолдарында сымдық құралдар да (коаксиальдық, симметриялық, талшықты-оптикалық кабельдер мен әуе жолдары) және радиоқұралдар (тура көрiнетiн радиорелелiк жолдар, жерсерiктiк жолдар) пайдаланыла алады;
8) жаңадан салынып жатқан көлiктiк телекоммуникациялар желілерiнде синхронды цифрлық иерархия (бұдан әрi - SDН), асинхронды тасымалдау режимi (бұдан әрi - АТМ) мен басқа да цифрлық технологиялар негiзiнде цифрлық тарату жүйелерi пайдаланылуы тиiс, қолданыстағы магистральды және iшкi аймақтық желiлерде аналогтық тарату жүйелерiн қолдануға жол беріледi;
9) қалааралық және халықаралық байланыс операторы желiсiнде ҚР ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың басқа операторларының желілерiмен қосылысын қамтамасыз ететін байланыс жолдары (арналары) ұйымдастырылуы тиiс.
5. Халықаралық байланыс операторын белгілеу өлшемдерi:
1) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi (бұдан әрi - ХаБОТЖ) тармақталған болуы тиiс және кемiнде үш облыстың (географиялық нөмiрлеу аймағы), Астана және Алматы қалаларының аумағын қамтуы тиiс не осы желiнiң негізгi элементтерiн құру халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген сәтте бекiтілген және iске асырылған оператордың телекоммуникация желiлерiн салу және (немесе) жаңғырту жоспарларына кiредi. ХаБОТЖ коммерциялық пайдалануға енгізу күнi ХаБОТЖ-ға қатысты және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нормативтiк кесiмдерге толық сәйкес келуi тиiс;
2) көліктік желiлердi резервке қою тәуелсiз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылатын тәуелсiз айналма жолдарды беру немесе сол тарату желiлерiнде ұйымдастырылатын трактілерге (арналарға) ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс. Көлiктiк ХаБОТЖ бойынша хабарламаларды тарату сенiмділігіне пайдаланушылар талаптарына қарай трафиктi өткiзуге екi-үш тәуелсiз бағыт берiлуi тиiс;
3) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген (лицензия берiлген) сәтте оператордың иелігіндегі және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желiсi көлiктiк телекоммуникация желілерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желiлерi), қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен желiнi басқару жүйесiнен және тактілі желілiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс;
4) ХаБОТЖ құрамындағы көлiктiк телекоммуникация желiлерi жалға алынатын не өзiнiң байланыс жолдары негізiнде жер бетiндегі және жерсерiктiк тарату жолдары бойынша ұйымдастырылуы тиiс;
5) халықаралық байланыс операторы желiсiнiң жер үстіндегі байланыс жолдары бойынша көлiктiк желiнiң шет елдердiң байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiмен кемiнде бiр тоғысу нүктесi болуы тиiс. Тоғысу нүктелерi географиялық таралған байланыс пункттерiнде орналасуы тиiс;
6) ішкі аймақтық байланыс жолдарында сымдық құралдар да (коаксиальдық, симметриялық, талшықты-оптикалық кабельдер мен әуе жолдары) және радиоқұралдар (тура көрiнетiн радиорелелiк жолдар, жерсерiктiк жолдар) пайдаланыла алады;
7) жаңадан салынып жатқан көліктiк телекоммуникация желiлерiнде SDH, АТМ цифрлық тарату жүйелерi және басқа да цифрлық технологиялар пайдаланылуы тиiс, қолданыстағы магистральды және iшкi аймақтық желілерде аналогтық тарату жүйелерiн қолдануға жол беріледi;
8) халықаралық байланыс операторы желiсiнде ҚР ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың басқа операторларының желiлерiмен қосылысын қамтамасыз ететiн байланыс жолдары (арналары) ұйымдастырылуы тиiс.
6. Қалааралық байланыс операторын белгілеу өлшемдерi:
1) қалааралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi (бұдан әрi - ҚаБОТЖ) тармақталған болуы тиiс және кемiнде үш облыстың (географиялық нөмiрлеу аймағы), Астана және Алматы қалаларының аумағын қамтуы тиiс не осы желiнiң негізгі элементтерiн құру қалааралық байланыс операторы мәртебесiн берген сәтте бекiтiлген және iске асырылған оператордың телекоммуникация желiлерiн салу және (немесе) жаңғырту жоспарларына кiредi. ҚаБОТЖ коммерциялық пайдалануға енгiзу күнi ҚаБОТЖ-ға қатысты және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның бекiткен нормативтiк кесiмдерiне толық сәйкес келуi тиiс;
2) көлiктiк желiлердi резервке қою тәуелсiз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылған тәуелсiз айналма жолдарды беру немесе сол тарату желiлерiнде ұйымдастырылатын трактілерге (арналарға) ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс. Көлiктiк ҚаБОТЖ бойынша хабарламаларды тарату сенiмдiлiгiне пайдаланушылар талаптарына қарай трафиктi өткiзуге екi-үш тәуелсiз бағыт берiлуi тиiс;
3) оператордың оған қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген (лицензия берiлген) сәтте иелігіндегi және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желiсi көлiктiк телекоммуникация желiлерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желiсi), қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен, желiнi басқару жүйесiнен және тактілi желiлiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс;
4) ҚаБОТЖ құрамындағы көлiктiк телекоммуникация желiлерi жалға алынатын не өзiнiң байланыс жолдары негiзiнде жер бетiндегі және жерсерiктiк тарату жолдары бойынша ұйымдастырылуы тиiс;
5) iшкi аймақтық байланыс жолдарында сымдық құралдар да (коаксиальдық, симметриялық, талшықты-оптикалық кабельдер мен әуе жолдары) және радиоқұралдар (тура көрiнетiн радиорелелiк жолдар, жерсерiктiк жолдар) пайдаланыла алады;
6) жаңадан салынып жатқан көлiктік телекоммуникация желiлерiнде SDH, АТМ цифрлық тарату жүйесi және басқа да цифрлық технологиялар пайдаланылуы тиiс, қолданыстағы магистральды және iшкi аймақтық желiлерде аналогтық тарату жүйесiн қолдануға жол берiледi;
7) қалааралық байланыс операторы желiсiнде ҚР ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың басқа операторларының желiлерiмен қосылысын қамтамасыз ететiн байланыс жолдары (арналары) ұйымдастырылуы тиiс.
7. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуге лицензия алатын оператордың және бұдан әрi байланыс операторының техникалық қызметкерiне қойылатын бiлiктілiк талаптары:
1) техникалық қызметкердiң электр байланысы саласында тиiсті бiлiмiнiң болуы;
2) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы уәкiлеттi органы бекiткен әдiстер мен нормативтердi немесе қабылданған халықаралық стандарттарды пайдаланып техникалық пайдалануды жүзеге асыру.
8. Әлеуетті қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының ұйымдық құрылымы:
1) бақылау, өлшеу, қалпына келтiру, жөндеу, резервке қою және клиенттермен есеп айырысу жөнiндегi техникалық пайдаланудың негiзгi функцияларын орындауды қамтамасыз етедi;
2) техникалық пайдалану жүйесiнің мiндеттерiн орындауды қамтамасыз eтeдi:
желiнiң берiлген сапада және пайдалану сенiмдiлiгiнде тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету (желiге қойылатын талаптармен белгiленедi);
желi жағдайының кез келген өзгеруi кезiнде оны пайдаланушылардың мүддесiнде желi ресурстарын тиiмдi пайдалану;
мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың қажеттілiктерiн қанағаттандыру үшiн желiнi дамыту;
желiнi техникалық пайдалану әдiстерiн жетілдiру;
3) желiнi жедел-техникалық басқару жүйесiнiң негiзгi функцияларын орындауды қамтамасыз етедi:
ақауларды өңдеу;
желi сапасын басқару;
конфигурацияны басқару;
есеп айырысуды басқару;
қауiпсiздiктi басқару;
4) желiлердi жедел-техникалық басқару жүйесiнiң негізгі мiндеттерiн орындауды қамтамасыз етедi:
желінiң айрықша жағдайлар мен экстремалдық жағдайларда жұмыс iстеуi бойынша мiндеттердi шешу;
желiнiң жағдайын жедел бақылау және талдау; желiнiң негізгi параметрлерiне мониторинг;
желiнi жоспарлау және қалыптастыру; ресурстарды пайдалануды оңтайландыру;
5) мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету және қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн өз құрамында (штаттық құрылымында) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмшесi болуы тиiс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 27 тамыздағы
N 909 қаулысымен бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық
байланыс операторын белгілеу бойынша
білiктілiк талаптары мен өлшемдерiне
қосымша
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын негiзгі талаптар
1. Осы талаптарда мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) байланыс желiлерiнiң өзара iс-қимылы - ортақ мiндеттердi орындау мақсатында технологиялық ілеспе желiлердiң бiрлесiп жұмыс iстеуi;
2) iшкi аймақтық бастапқы желi (IаБЖ) - ОПТЖ бiр нөмiрлеу аймағының әртүрлi жергілiкті бастапқы желiлерiнiң үлгілік тарату арналарының өзара қосылуын қамтамасыз ететiн бастапқы желiнiң бiр бөлiгi;
3) туынды байланыс желiсi - бастапқы желi, коммутация станциялары мен тораптары немесе ауыстырып қосу станциялары мен тораптары негізiнде құрылған және екi немесе одан көп белгiлi бiр нүктелер арасында байланыс ұйымдастыруға арналған туынды желiнiң жолдары мен арналарының жиынтығы. Туынды желiнiң абоненттiк шеткi құрылғылармен түйiскен жерi осы желiнiң шекарасы болып табылады;
4) тарату арнасы - жиiлiк жолағында немесе осы тарату желiсiне тән тарату жылдамдығымен телекоммуникациялық сигналдардың желiлiк станциялар, желiлiк тораптар арасында немесе желiлiк станция мен желiлiк торап арасында, сондай-ақ желілiк станция немесе желілiк торап пен бастапқы желiнiң шеткi құрылғысы арасында берiлуiн қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен тарату ортасының кешенi;
5) үндi жиiлiктi тарату арнасы - 300-ден 3400 Гц-ге дейiнгi жиiлiк жолағы бар үлгілік аналогтық арна;
6) жалға алынған арна - байланыс желiсi операторының келiсiм (шарт) негiзiнде желiнi пайдаланушыға жалға беретiн арнасы;
7) телекоммуникация (электр байланысы) арнасы - тiзбектi түрде қосылған арналар мен туынды желi жолдарында құрылған, оның соңына абоненттік шеткi құрылғылар қосылған кезде хабарламаның беру көзiнен алушыға берiлуiн қамтамасыз ететiн телекоммуникациялық (электр байланысы) сигналдардың өту жолдары. Байланыс желiсiнiң түрiне қарай телекоммуникация арнасына: телефондық немесе телеграфтық арна, деректер беру арнасы және басқа атау берiледi. Аумақтық белгiсi бойынша телекоммуникация арналары халықаралық, қалааралық, аймақтық, жергілікті болып бөлiнедi;
8) цифрлық негiзгi арна - сигналдарды 64 кбит/с жылдамдығымен тарататын үлгілi цифрлық тарату арнасы;
9) арналардың коммутациясы - арналар мен байланыс жолдарының тiзбекте қосылысын қамтамасыз ететiн станциядағы немесе желi торабындағы операциялар жиынтығы;
10) пакеттердiң коммутациясы - хабарламалардың (пакеттердiң) бөлігін (бөлiк) қабылдаудан және ондағы адрестік белгiге сәйкес олардың бағытталуынан және оларды беруден тұратын станциядағы немесе желi торабындағы операциялар жиынтығы;
11) хабарламалардың коммутациясы - толық хабарламаны, оның жинақталуын қабылдаудан және ондағы адрестiк белгiге сәйкес олардың бағытталуынан және оларды беруден тұратын станциядағы немесе туынды желi торабындағы операциялар жиынтығы;
12) тарату желiсi - ортақ жол құрылыстары, оларға қызмет көрсету құрылғысы және қызмет көрсету құрылғысының әрекет ету шегiнде таратылатын бiрдей тарату ортасы бар жол трактілерi, тарату жүйесi және (немесе) үлгiлi нақты шынжырлар жиынтығы. Тарату жолдарына мыналарға қарай атау берiледi:
ол тиесілі бастапқы желiге қарай: магистральды, iшкi аймақтық, жергілікті;
тарату ортасына қарай, мысалы, кабельдiк, радиорелелiк, жерсеріктік және басқалары.
Тарату ортасы әр түрлi тарату жолдарының тiзбектi қосылысын көрсететiн тарату жолдарына құрастырылған атауы берiледi:
13) телекоммуникация жүйесiнiң (желiсiнiң) сенiмдiлiгi - телекоммуникация жүйесiнiң (желiсiнiң) берiлген пайдалану және техникалық қызмет көрсету шарт-жағдайында талап етiлетiн функцияларды орындау қабiлетiн сипаттайтын белгілi бiр параметрлердiң мәнiн уақытпен және белгiленген шекте сақтау қасиетi;
14) бастапқы желi - желілік тораптар, желілік станциялар, бастапқы желiнiң шеткi құрылғылары мен оларды қосатын тарату желiлерiнiң негiзiнде құрылған үлгiлi нақты тiзбектердiң, үлгiлi тарату арналары мен желілік трактiлердiң жиынтығы;
15) желілік станция (ЖС) - үлгілi нақты тiзбектердiң, үлгiлi тарату арналары мен желілік трактілердiң туынды желiлерiнiң құрылуы мен берiлуiн, сондай-ақ олардың транзитін қамтамасыз ететiн техникалық құралдар кешенi;
16) желілік торап (ЖТ) - бастапқы желiнiң желілік станцияларының қосылысын, үлгiлi желілік трактiлердiң, үлгiлi тарату арналары мен үлгiлi нақты тiзбектердiң құрылуы мен қайта таратылуын (бөлу, ауыстырып қосу), сондай-ақ оларды туынды желiлер мен жекелеген пайдаланушыларға берудi қамтамасыз ететiн техникалық құралдар кешені;
17) қол жетiмділiк желiсi - терминалдардың көліктік желiге қол жетiмдiлігін, сондай-ақ көлiктiк желiге шықпай жергілiкті байланысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн абоненттiк жолдар мен жергiлiктi желi станцияларының жиынтығы;
18) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiнiң қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi (ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ, ХаБОТЖ) - көліктік телекоммуникация желiлерiнiң (тарату жүйелерi, берілген пункттер арасында ақпараттарды тасымалдауға арналған бақылау, жедел ауыстырып қосу, резервтеу және басқару құралдарына жататын тарату жүйесi) ресурстарының және туынды желi коммутациялық жабдықтарының (қалааралық және халықаралық телефон станциялары) жиынтығы;
19) тарату жүйесi - бастапқы желiнiң желiлiк трактісін, үлгiлi топтық трактiсi мен тарату арналарын құруды қамтамасыз ететiн техникалық құралдар кешенi;
20) жалпы арналық сигнал беру жүйесi - коммутация арналарының будасына арналған жалпы арнайы сигнал беру арнасы бойынша станцияаралық сигнал берудің тарату жүйесi. N 7 ЖСЖ жалпы арнасы бойынша сигнал беру жүйесi деп қосылысты анықтау үшiн талап етілетін хабарламаларды тарату жүйесін және сөйлесу трактiлерiнiң бір будасына немесе бiрнеше будаларына арналған жалпы арнайы арна бойынша байланыс қызметтерін көрсетудi айтады;
21) бастапқы желiнi резервтеу жүйесi - бақылау құрылғысын алгоритмдiк және бағдарламалық қамтамасыз ету, бастапқы желiнi немесе бастапқы желiнiң учаскесiн қайта құру қажеттілігі туралы шешiмдер қабылдау, электр байланысының түрлi қызметтерiнiң (қызметтер көрсету) сенiмдiлiк көрсеткiштерiн арттыру мақсатында аталған алгоритмдер бойынша өзара әрекеттесетiн, резервтелетін және резервтiк трактілер мен арналарды ауыстырып қосу құрылғыларының жиынтығы;
22) техникалық қызмет көрсету - объектiнi берiлген сапада талап етiлетiн функцияларды орындай алатын күйде ұстап тұруға немесе осындай күйдi қалпына келтiруге бағытталған техникалық және тиiстi әкiмшiлiк операциялардың (бақылау бойынша операцияларды қоса алғанда) жиынтығы;
23) халықаралық, қалааралық және iшкіаймақтық желілердi техникалық пайдалану - станциялардың, халықаралық және қалааралық арналардың жабдықтарын, тапсырысты-жалғау және қалааралық қосылыс жолдарын абоненттерге олардың кез келген ақпарат түрлерiн тарату барысында осы желiлерге берiлген сапасында қызмет көрсетуiн қамтамасыз ете алатын күйде ұстап тұру жөнiндегi ұйымдастыру және техникалық iс-шаралар кешенi;
24) көлiктiк телекоммуникация желiсi - берiлген пункттер арасында ақпараттар таратуға арналған тарату жүйесi ресурстарының, оларға жататын бақылау, жедел ауыстырып қосу, резервтеу және басқару құралдарының жиынтығы. Көлiктiк желi магистральды және аймақтық (өңiрлiк) байланыс желілерiнен тұрады;
25) топтық үлгілi трактi - үндi жиiлiк арналарының немесе негізгi цифрлық арналардың нормаланған санының телекоммуникация (электр байланысы) сигналдарын жиілiк жолағында немесе осы топтық трактiге сәйкес тарату жылдамдығымен таратуға арналған техникалық құралдар кешенi;
26) желілiк тракті - топтық үлгiлi трактi немесе кiру және шығуда трактi құру аппаратурасы қосылған тiзбектi қосылған бiрнеше үлгiлi топтық трактілер;
27) телекоммуникация жүйесiнiң (желiсiнiң) тұрақтылығы - телекоммуникация жүйесiнiң (желiсiнiң) талап етілетiн функцияларды қалыпты пайдалану жағдайында да, сондай-ақ тұрақсыз факторлар әсерiнен жасалатын жағдайларда да орындау қабілетi. Сенiмдiлігімен және тұрақтылығымен сипатталады.
АҚТС - автоматты қалааралық телефон станциясы;
ТҚЖ - тапсырысты-қосылыс желiлерi;
XКO - халықаралық коммутация орталығы;
ҚЖЖ - қалааралық жалғау желілерi.
2. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ құрамына көлiктiк желi және мыналардан тұратын телекоммуникация жүйелерi кiруi тиiс:
бастапқы магистральды және iшкiаймақтық байланыс желiлерi (коаксиальдық, симметриялық немесе оптикалық байланыс кабельдерiнде құрылған жер үстi, радиорелелiк (тура көрiнетiн және тропосфералық) және (немесе) жерсерiктік байланыс желiлерi);
ТҚЖ және ҚЖЖ ұйымдастырылатын бастапқы жергiлiктi байланыс желілері;
тактілік желілік синхрондау жүйесi (ТЖС);
басқару жүйесi (бақылау, жедел ауыстырып қосу, резервтеу құралдары);
коммутация жүйелерi (AXTC және/немесе ХКО);
трафиктi (биллинг) есептеу жүйесi;
жедел-iздестіру iс-шаралары жүйесi (ЖIШЖ).
3. Бастапқы желi тарату арналары мен желiлiк трактiлердi ұйымдастыру үшiн пайдаланылуы тиiс:
бір оператордың XКO арасында - жер үстi тарату жолдары бойынша;
түрлi операторлардың ХКО арасында - жер үстi және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша;
AXTC-AXTC тiке жолдарында - жер үстi және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша;
бiр оператордың АХТС және ХКО арасында - жер үсті және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша;
басқа оператордың желiсiнде АХТС-пен және XКО-мен (айналма жолдар) - жер үстi және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша.
4. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ құрылымы оған қойылатын сенiмдiлiк және тұрақтылық талаптарына жауап беруi тиiс. Көлiктiк телекоммуникация желілерiнiң құрылымы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 42-б бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай телекоммуникация желілерiнiң басқару құжатында (бұдан әрi - "ҚР БТЖ БҚ") белгiленген (К
r
,Т
о
, T
в
) сенiмділiк көрсеткiштерiмен I, II, III сыныпты хабарламаларды таратуды қамтамасыз етуi тиiс.
5. ҚХБОТЖ-дың, ҚаБОТЖ-дың және ХаБОТЖ-дың жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн жүйелерi болуы тиiс - байланыс саласындағы уәкілеттi орган бекiтетiн нормативтік-техникалық кесiмдерде белгiленген функцияларды орындайтын басқару жүйесi мен техникалық пайдалану жүйесi.
6. ҚХБОТЖ құрамындағы көлiктiк телекоммуникация желiлерiнде SDH, АТМ және басқа цифрлық технологиялар цифрлық тарату жүйелерi артықшылықпен қолданылуы тиiс.
Қазiргi бар магистральды және iшкiаймақтық бастапқы желiлерде аналогтық тарату жүйелерiн пайдалануға жол берiледi. Iшкiаймақтық желi магистральды желiнiң бiр бөлiгi болуы мүмкiн.
7. Оператордың көлiктік телекоммуникация желiлерi желілiк тораптардың географиялық орналасуын сақтай отырып, қазiргi бар желілiк тораптарға негiзделе алады. Желілiк тораптар санын ұлғайту жаңа көлiктiк желiлердiң құрылысын салған кезде мүмкiн болады.
8. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ құрамына кiретiн желiлердiң, осы желiлер жұмыс iстеу барысында өзара әрекеттесетiн өздерiнiң басқару жүйелерi болуы тиiс. Басқару жүйесi ықпалдасқан басқару жүйесiнiң бiр бөлiгi болуы тиiс.
Оператордың телекоммуникация желiсiн басқару жүйесiнде мыналар болуы тиiс:
1) желi ресурстарын басқару жүйесi;
2) әкiмшiлiк басқару жүйесi.
9. Қалааралық және халықаралық байланыс операторының, сондай-ақ ҚР ОПТЖ халықаралық байланыс операторының барлық XКO басқа операторлардың кемiнде екi ХКО-сымен байланысуы, ал барлық AXTC кем дегенде екi XКО-мен байланысуы тиiс. Жерсерiктiк арналарды пайдалану арқылы қалааралық байланысты ұйымдастыру AXTC арасындағы тiкелей будаларда, сондай-ақ ҚР ОПТЖ басқа операторларының ҚХБОТЖ және ХаБОТЖ XКO-на айналма жолдарында мүмкiн болады. Қосылыста жерсерiктiк арналардың бiреуден аспайтын учаскесiнен артық пайдалану болмауы тиiс.
10. 9-тармақ бойынша шарттың орындалуын өзiнiң коммутация станцияларын (ХКО, AXTC) пайдалануға енгiзу сәтiнде басқа операторлардың коммутация станциялары бар (ХКО, AXTC) аталған қосылыстары болмаған оператор қамтамасыз етедi.
11. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ дамыту бiрыңғай техникалық саясат жүргiзуден, барынша бiрiздендiрiлген техникалық құралдардың бiрыңғай кешенiн үлгiлi арналар мен желiлiк трактілердiң бiрыңғай номенклатураларын қолданудан тұратын ұйымдық-техникалық бiрлiк бастапқы және туынды желiлер үшiн бiрыңғай басқару жүйелерiн құру қағидатына негiзделуi тиiс.
Цифрлық жалғау станциялары мен тарату жүйелерiнiң цифрлық жабдықтарын ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ енгiзу бiр мезгілде техникалық пайдалану орталықтарын, бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдауды және желiнi басқаруды құрумен қолдау табуы тиiс.
12. ҚР ОПТЖ ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ-да Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес сертификатталған жабдықтар мен материалдар қолданылуы тиiс.
13. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ-да цифрлық тарату жүйелерi және коммутация бiрiгiп жұмыс iстейдi, өзiнiң сенiмдi және сапалы жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi үшiн оның тактілік желілік синхрондау (ТСЖ) жүйесi болуы тиiс.
ТСЖ құру XЭО ұсынымдары мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізiлуi тиiс.
ТСЖ жүйесiнiң ҚР ОПТЖ басқа цифрлық желiлерiнiң ТЖС жүйелерiмен қосылу нүктелерiнiң барынша аз қажеттi санымен, өзара әрекеттесуші желiлердi қосымша күрделендiрусiз тоғысу, осы нүктелердiң кез келгенiне халықаралық стандарттарда белгiленген сапада синхрондау сигналдарын қабылдау және беру мүмкiндігі болуы керек.
ТЖС жүйесi ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ операторына тұтастай алғанда бiрыңғай басқаруы мен аппаратураны бақылауын қамтамасыз ететiн ТЖС жүйесiн басқару жүйесiне ие болуы тиiс.
Синхрондау жүйесiне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген.
14. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ негiзгi ұйымдық-техникалық талаптарына мыналар жатады:
1) бiр буындағы жүйеден басқасына ауысқанда қамтамасыз етiлуi тиiс ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ құрамындағы түрлi жүйелер мен желiлер (қызметтер) көрсететiн қызмет көрсету жиынтығының сабақтастығы;
2) жүйелер мен желілердiң технологиялық үйлесуi, мыналарды қоса алғанда:
түрлi жүйелер үшін ақпаратты таратудың нақты және хаттамалық деңгейлерiнiң келiсiмдiлігі - түрлi өндiрушiлер жабдықтарының аппараттық үйлесуi, стандарттар сәйкестiгi, қажетті түрлендiргiштердiң болуы және басқалар;
желiлiк ресурстардың белгiлi бiр бөлігіне кепiлдi қатынауды қоса алғанда, байланыстың қажетті сенiмдiлiгi мен сапасын бiрiгіп қамтамасыз ету;
3) адрестеу және басқару бойынша келiсiмдiлiк;
4) ұйымдық-техникалық шешiмдердiң келiсiмдiлігі.
15. Көлiктiк ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ көлiктiк желiлерiн тұрғызу кезiнде мынадай үлгілік желілiк (басқа да желілік архитектураны пайдалануға рұқсат етіледi) қолданылуы мүмкiн:
көлiктік ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ құрылымының негізгi басты нүктелерi желілiк торап (ЖТ) пен желілiк станция (ЖС) болып табылады. Бастапқы желiдегi атқаратын функциясына қарай екi түрдегi тораптар ұйымдастырылады: желiлiк ауыстырып қосу тораптары (ЖАТ) және желілiк бөлектелген тораптар (ЖБТ).
Тарату желiсiнiң желілiк станциялары (пункттерi) байланыс жабдықтары орнатылатын мамандандырылған үй-жайларды (ғимараттар, контейнерлер және басқалары) білдiредi.
Желілiк станциялар (пункттер) мыналарға жiктеледi:
пайдаланылатын аппаратура түрi бойынша - регенерациялық, ретрансляциялық, күшейткiш;
электр қуатын беру тәсілi бойынша - қоректендiретiн, қоректендiрiлетiн, жергілiкті қоректендiрумен;
мақсаты бойынша - шеткi, қайта қабылдайтын, аралық;
қызмет көрсету тәсілi бойынша - қызмет көрсетiлетiн, жартылай қызмет көрсетiлетiн, қызмет көрсетiлмейтiн.
ЖТ және ЖС бiрыңғай ұйымдық-техникалық кешендi құруы мүмкiн.
16. ЖАТ мына функцияларды орындауы тиiс:
1) үлгілік тарату арналары мен желілiк трактілердi ұйымдастыру;
2) үлгілік арналар мен желілiк трактілердi ауыстырып қосуды ұйымдастыру;
3) үлгілiк тарату арналары мен желілік трактілердi желiнi басқару процесінде (желiнi қалыптастыру және резервтеу кезiнде) туынды желiлер мен басқа тұтынушыларға ұсыну;
4) ЖТ аппаратурасын, тарату желiсiн, тораптық және желiлiк трактілер (TT, ЖТ) мен тарату арналарын жедел-техникалық бақылау және қызмет көрсету;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес аналогтық және цифрлық арналардың тоғысуын қамтамасыз етедi.
(РҚАО-ның ескертуі.
V043041
)
ЖАТ кабельдiк, радиорелелiк және жерсерiктiк тарату желiлерi бойынша ұйымдастырылған басқа ЖТ-ларға географиялық таратылған шығуға ие болуы мүмкiн. ЖАТ-та тарату жүйелерi не шеткi, не аралық (регенерациялық) станциялардың аппаратураларына ие болуы мүмкiн.
17. ЖБТ мына функцияларды орындауы тиiс:
1) үлгілік тарату арналары мен желiлiк трактiлердi ұйымдастыру;
2) үлгілiк тарату арналары мен желілiк трактiлердi туынды желілер мен басқа тұтынушыларға ұсыну;
3) ЖТ аппаратурасын, тарату желiсiн, тораптық және желiлiк трактiлер (TT, ЖТ) мен тарату арналарын жедел-техникалық бақылау және оларға қызмет көрсету;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес аналогтық және цифрлық арналардың тоғысуын қамтамасыз ету.
(РҚАО-ның ескертуі.
V043041
)
ЖБТ кабельдiк тарату желiлерi бойынша ұйымдастырылған басқа ЖТ-ға екi шығуға ие болуы керек.
ЖБТ-ға шеткi аппаратурамен аяқталатын екi тарату желiсi не бiр тарату желiсi сәйкес келуi тиiс.
18. Басқа елдердiң ОПТЖ-мен халықаралық қосылыстарды ұйымдастыру үшiн ҚХБОТЖ және ХаБОТЖ көлiктiк желiлерiнде "шекаралас" желiлiк тораптар (ШЖТ) белгіленуi тиiс, олар кем дегенде үш тарату (екеуi өз желiсiнiң бағытымен және бipeуi басқа елдiң желiсiнiң бағытында) шығуына (үш бағыт) ие болуы тиiс.
ШЖT-дағы тарату желiлерi халықаралық қосылысты ұйымдастыру үшiн басқару жүйесiнiң командалары бойынша желiдегi қажеттi ауыстырып қосуды қамтамасыз ету үшiн тарату желiсiнiң шеткi аппаратурасымен аяқталуы тиiс.
ШЖT мына функцияларды орындауы тиiс:
1) халықаралық қосылыстарды құрайтын үлгілік тарату арналары мен желілiк трактілердi ұйымдастыру;
2) үлгілік тарату арналары мен желілiк трактiлердi желiнi басқару процесiнде (халықаралық қосылыстарды қалыптастыру және резервтеу) ауыстырып қосуды ұйымдастыру;
3) халықаралық қосылыстарды құрайтын үлгілiк тарату арналары мен желілiк трактілердiң транзитiн ұйымдастыру;
4) осы ШЖT-да ұйымдастырылған ЖТ аппаратурасын, тарату желiлерiн, тораптық және желілiк трактiлердi жедел-техникалық бақылау және оларға қызмет көрсету;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес аналогтық және цифрлық арналардың тоғысуын қамтамасыз ету.
19. Көлiктiк ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ желiлерiнде пайдаланылатын тарату жүйесiнiң жабдықтары мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
1) тарату жүйесi сыйымдылығының сандық және сапалық өсуi, сыйымдылықты түрлі пайдаланушылардың жедел қосылуы үшiн тез өсiру мүмкiндігі;
2) жалпы сигнал берудi (ЖСБ N 7) пайдалану мүмкiндiгi.
20. Бастапқы желiге енгiзiлетiн синхрондық цифрлық иерархия (СЦИ-SDН) құралдарының техникалық сипаттамалары, мыналардың өзара iс-қимылын қамтамасыз етуi тиiс:
1) түрлi өндiруші фирмалар жабдықтарының СЦИ аппаратуралары;
2) өзара бiр-бiрiмен түрлi операторлардың желiлерiн, жабдықталған СП СЦИ, ҚР ОПТЖ бастапқы желiсiн қоса алғанда;
3) ҚР ОПТЖ ҚХБОТЖ басқа мемлекеттердiң телекоммуникация желiлерi.
21. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ ТЖ СЦИ тарату желілерiнің аппаратурасы өзiне тарату желiсiнiң жай-күйiн автоматтандырылған бақылау құрылғысын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес тиiстi ауыстырып қосу құрылғыларын қамтуы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес автоматтандырылған техникалық пайдалану жүйесiмен iлесуi тиiс.
22. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ тарату жүйесiнiң аппаратурасы байланыс аппаратурасына қойылатын, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың қолданыстағы ережелерiн, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезiнде қауiпсiздiк техникасының ережелерiн, арнайы әсер ету бойынша климаттық және механикалық талаптарды қоса алғанда, көпшiлiк қабылдаған талаптарға жауап беруi тиiс.
23. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ, ХаБОТЖ АХТС және ХКО коммутация жүйесiнiң жабдықтары электронды цифрлық жүйеде болуы тиiс және мыналарды:
1) басымды шақыруларға артықшылықты қызмет көрсетудi;
2) айналмалы желiлерде қосылыстарды орнатуды;
3) жедел басқаруды енгізудi;
4) жүктеме ағындарын басқаруды енгiзудi;
5) статистика деректерiн басқару орталығына шығару мүмкiндігін;
6) деректердi өзара есеп айырысуларды жүргiзу үшiн шығару мүмкiндігін;
7) түрлi пайдаланушыларды жедел қосу үшiн коммутациялық алаңның сыйымдылығын арттыру мүмкiндiгiн;
8) регламенттейтiн құжаттардың талаптарына сәйкес нөмiрдегi таңба санын талдау мүмкiндiгiн;
9) толық қол жетiмдi желi будасын (ЖҚ) құруды;
10) түрлi сигнал беру жүйелерiн пайдалануды, оның iшiнде жалпы сигнал беру арналарын (ЖСА N 7);
11) пайдаланушыларға қосымша қызметтер көрсету мүмкiндiк қамтамасыз етуi тиiс.
24. Коммутация жүйесiнiң жабдықтары қосылыстардың мынадай түрлерiне:
1) кiру және шығу желiлерi мен арналарының арасындағы транзиттік байланысқа;
2) автоматты шығу мен кiру және жергілiкті жартылай автоматты (ОПТЖ-ға шығу), байланыстың осы түрiн жүзеге асыруға құқығы бар абоненттер үшiн қалааралық және халықаралық байланысқа;
3) жартылай тұрақты коммутацияға қызмет көрсетудi қамтамасыз етулерi керек.
25. Коммутация жүйелерінің цифрлық жабдықтары талап етiлетiн қызмет көрсету сапасы мен қызмет ету сипаттамалары көрсеткiштерiн:
қосылысты орнату уақытын;
абоненттен абонентке дейiн қосылысты орнату кезiндегі (шақырылатын абоненттiң бос еместігін ескермей) ысырапты;
қате; өткiзгіштiк қабiлет, өнiмдiлiктi коэффициентiн қамтамасыз етулерi тиiс.
Коммутация жүйелерiнiң цифрлық жабдықтарын бағдарламалық қамтамасыз ету модульдік-иерархиялық қағидат бойынша құрылуы тиiс.
26. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ коммутация жүйелерiнiң жабдықтары жедел-iздестiру iс-шараларын (ЖІШҚ) қамтамасыз ету бойынша бағдарламалық және аппараттық құралдарға ие болуы тиiс.
ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ, ХаБОТЖ коммутация жүйелерiнiң жабдықтарының бағдарламалық және аппараттық құралдары қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi қажет.
27. Цифрлық коммутация жүйелерiнде станцияға (операторларға) қызмет көрсететiн қызметкерге станциялармен өзара iс-қимыл жасауға мүмкiндiк беретiн пайдалану және техникалық қызмет көрсетудiң шағын жүйелері болуы тиiс. Пайдалану функциялары коммутация жүйелерiнiң қалыпты жұмыс iстеу жағдайларына есептелуi тиiс. Бұл функциялар:
1) қосылыстың ұзақтығын есептеудi;
2) трафиктi бағыттауды;
3) жұмыс iстеу жүктемесi мен сапасын өлшеудi;
4) түкпiрдегi қондырғыларды жүйелеудi;
5) станцияны басқаруды қамтамасыз етуi тиiс.
28. Коммутация жабдықтары станцияның мәжбүрлі иерархиялық синхрондау тәсiлiн қолданатын синхронды цифрлық желiдегі жұмысын қамтамасыз етуi тиiс. Коммутация жабдықтарында мынадай синхрондау қондырғылары болуы тиiс:
1) ИКМ шығу қосылысы арқылы синхрондау;
2) сыртқы эталондық сигналдан синхрондау.
29. Желiнiң жоғары деңгейiнде қолданылатын коммутация жабдықтары ХЭО-Т ұсынымдарының талаптарына сәйкес келетiн бастапқы эталондық генераторға (БЭГ) қосылуы тиiс.
30. Сигнал беру және синхрондау жүйелерінiң техникалық параметрлерi қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс.
31. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ операторларының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдармен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының
қолданыстағы
заңнамасына
сәйкес
жүзеге асырылуы тиiс.
32. ҚХБОТЖ-ды, ҚаБОТЖ-ды және ХаБОТЖ-ды дамыту мына қағидаларға:
1) желiнiң сандық және сапалық өсуi;
2) көлiктік телекоммуникация желiлерi мен АХТС және XКO коммутация жүйелерiн дамытудағы теңсiздiктердi жоюға (елдiң экономикалық өңiрлерi бойынша);
3) түрлi пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтердiң номенклатурасын кеңейтуге;
4) көлiктiк телекоммуникация желiлерi мен XКO және АХТС коммутация жабдықтарын толықтай цифрландыруға;
5) желiнi басқару мен оған қызмет көрсетудi оңтайлы жоспарлау, автоматтандыру әдiстерiн енгiзуге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
33. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ барлық тұтынушылардың телекоммуникациялық қызметтерiмен толық, жедел және сенiмдi қанағаттандыру үшін қажеттi түрлi хабарлама түрлерінің ұлғайған ағындарын таратуды қамтамасыз етудi ескерiп дамуы тиiс. Желiнi дамыту ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ құрамындағы барлық құрамдастың тең түрде даму қағидаттарымен жүзеге асуы тиiс.
34. ҚР ОПТЖ ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ дамыту сымдық құралдарды да (негiзiнен оптикалық кабельдер бойынша), сондай-ақ радиоқұралдарды, оның iшiнде контейнерлiк орындауда, оларды төтенше жағдайдағы аудандарға жiберу мүмкiндiгiмен кешендi пайдалану негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
35. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ құрамында жаңа көлiктiк телекоммуникация желілерiнiң тарату арналары мен трактiлерiн ұйымдастыру үшiн тарату жүйелерiнiң қазiргi заманғы жабдықтарын - SDH, ATM және басқа цифрлық технологиялар қолданылуы тиiс.
36. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ құрылысын салу, қайта жаңарту және пайдалану Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы ережелер мен техникалық нормалар бойынша жүргiзiлуi тиiс.
37. Бастапқы желiнiң сапалық көрсеткiштерiне қойылатын талаптар:
1) цифрлық бастапқы желiнiң цифрлық арналары мен топтық трактілерiнiң электрлiк тоғысуы қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс, ал бастапқы цифрлық желi арқылы n-64 кбит/с түрiндегi сигналды таратқан кезде нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс;
2) SDH цифрлық топтық трактілердiң оптикалық тоғысуы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс;
3) цифрлық арналар мен топтық трактілердiң сапалық көрсеткіштерi қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес мынадай нормаларға:
негiзгi цифрлық арна үшiн қате көрсеткiштерi бойынша;
басқа цифрлық арналар мен топтық трактiлер үшiн қате көрсеткiштерi бойынша;
фазалық дiрiл бойынша жауап беруi тиiс.
Цифрлық РРЖ (тiкелей көрiнетiн) негізiнде ұйымдастырылған арналар мен трактілердiң сапалық көрсеткiштерi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс;
4) цифрлық желi тактілік жиiлiк бойынша синхрондануы тиiс цифрлық желiлерi объектілерінің тактілік желілік синхрондау жүйесiнiң тоғысуы Қазақстан Республикасының нормативтiк құжаттарының талаптарына сәйкес келуі тиіс;
5) аналогтық тарату жүйелерінде ұйымдастырылған тарату арналары мен топтық трактiлердiң электрлiк параметрлерi қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс;
6) ЦТЖ-да ұйымдастырылған тарату арналары мен ЦТЖ мен АТЖ ұйымдастырылған тарату арналарынан тұратын аралас арналардың электрлiк параметрлерiне арналған нормалар байланыс саласындағы уәкiлетті орган бекiткен нормативтiк техникалық кесiмдерге сәйкес келуi тиiс.