Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8-бабына сәйкес, сондай-ақ отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару және дайын өнiм экспортын ынталандыру есебiнен iшкi өндiрiс көлемiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қалпына келтiрiлетiн қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың (ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН коды 4707) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлуiне тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы
N 38
Қаулысымен.