Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қоршаған ортаны қорғау туралы " 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктiлік талаптары;
2) Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi;
3) Экологиялық аудиторлық қызметті жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 23 тамыздағы
N 889 қаулысымен
бекiтiлген
Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары
1. Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар кiредi:
1) жоғарғы кәсіптiк немесе орта кәсiптiк бiлiм;
2) қоршаған ортаны қорғау саласында кем дегенде үш жыл жұмыс тәжiрибесінің болуы;
3) экологиялық аудитор бiлiктiлiк куәлiгiнің нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
4) тиiстi материалдық-техникалық база:
экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған компьютерлiк және электронды техника;
тiркелген сынау зертханасы бар ұйыммен шарт;
экологиялық аудиттi жүргізу үшін қажетті анықтамалық және әдiстемелiк әдебиет, нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтік-техникалық құжаттар.
2. Заңды тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар кіреді:
1) ұйым басшысында жоғарғы кәсіптік бiлімінiң болуы;
2) қоршаған ортаны қорғау саласында кем дегенде үш жыл жұмыс тәжiрибесi бар кемiнде үш маманның болуы және экологиялық аудитордың бiлiктілік куәлiктері;
3) тиiстi материалдық-техникалық база:
экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған компьютерлiк және электронды техника;
экологиялық аудиттi жүргiзу үшiн қажеттi анықтамалық және әдiстемелiк әдебиет, нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтiк-техникалық құжаттар;
тiркелген сынау зертханалары немесе тиiсті зертханалары бар ұйымдармен шарт.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2004 жылғы 23 тамыздағы
N 889 қаулысымен
бекiтілген
1. Осы Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрі - Ереже) заңды және жеке тұлғаларға экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Лицензиялар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына олар белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда берiледi.
3. Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бередi.
4. Экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны бiлiктiлiк деңгейi осы қызмет түрiне қойылатын талаптарға сәйкес келетiн субъектiге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бередi.
5. Лицензия қатаң есептiлік құжаты болып табылады әрi мемлекеттік және орыс тiлдерiнде бір данада ресiмделедi.
6. Лицензияны алу үшiн өтiнiм иесi лицензиарға "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысымен
бекiтiлген нысан бойынша белгiленген үлгiдегі өтiніштi ұсынады.
Өтiнішке мыналар қоса берiледi:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы куәліктiң көшiрмесi;
2) жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi және жеке кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлғаның жеке басы куәлігінің көшiрмесi;
3) салық төлеушi куәлiгiнің көшiрмесi (СТН);
4) бюджетке лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат;
5) өтiнiш иесiнің бiлiктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
6) осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмесi нотариалды расталған болуы тиiс.
7. Лицензиялар, егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше мерзiм белгіленбеген болса, барлық қажетті құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап - бiр ай мерзiмнен кешіктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күндiк мерзiмнен кешіктiрмей берiледi.
8. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкiлеттік берiлген адам қол қояды және ол лицензиардың мөрiмен расталады.
9. Лицензия өтiнiш иесiне немесе оның уәкілеттік берiлген өкiлiне сенiм хат негiзiнде беріледi.
10. Лицензияны беруден бас тарту, лицензияны керi қайтарып алу, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады.
3. Лицензияланатын қызметті бақылау
11. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
12. Біліктілік талаптарының сақталуын тексеру лицензияны қолдану мерзiмi iшiнде заңнамада белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
РҚАО-ның ескертуі.
K010155
;
Z952200
Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмағаны туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып тексеру актісi жасалады.
Бұзушылықтарды көрсетiлген мерзiмде жоймаған жағдайда, тексеру актiсінің негiзiнде лицензиар заңнамада белгiленген тәртiппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды.
Лицензиат лицензиарға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жою туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2004 жылғы 23 тамыздағы
N 889 қаулысымен
бекiтілген
1. Осы Ереже "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi
Заңына
сәйкес әзiрлендi және заңнамада белгiленген тәртiппен экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған жеке экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызмет тәртiбiн айқындайды.
2. Экологиялық аудиттің мақсаттары:
аудиттелетiн адам қызметiнiң Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасына және экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау;
табиғи ресурстарды пайдалану мен өсiмiн молайту жөнiндегi есептіліктi жасаудың дұрыстығы;
аудиттелетін адамның қоршаған ортаға әсерiмен байланысты басқа да мақсаттар.
2. Экологиялық аудиттi енгізу тәртiбi
3. Экологиялық аудит мынадай бiрнеше кезеңде жүргiзiледi:
1) экологиялық аудиттiң мақсаттарын белгiлеу;
2) тексерiлетiн адамның құжаттамасын алдын ала талдау;
3) экологиялық аудиттi жүргiзуге шарт жасасу;
4) экологиялық аудиттi жүргiзу;
5) аудиторлық есептi жасау.
4. Экологиялық аудитті жүргiзу туралы шартты жасасу алдында аудиттелетiн адам оны алдын ала талдау жүргiзу үшiн дайындалып жатқан аудит бойынша құжаттаманы ұсынады, соның iшiнде:
1) шаруашылық жүргiзуші субъектінің менеджмент жүйесi жөнiндегі құжаттама;
2) экологиялық аудит жөніндегi алдыңғы қорытындылар;
3) аудиттi орындаушыға экологиялық аудитті жүргiзу мүмкіндігін анықтау үшін қажетті техникалық құжаттама.
Ұсынылған құжаттаманы алдын ала талдау экологиялық aудитті жүргiзудiң мүмкiн еместігi туралы куәландыратын жағдайда, аудитор бұл туралы тапсырысшыны хабардар етедi және аудиттелетiн адам бар кедергiлердi жойғанға дейiн aудитті жүргiзуден бас тарта алады.
5. Экологиялық аудиттi жүргiзу мерзiмi аудит жоспарын жасау кезiнде нақтыланады.
Аудит жоспары аудиттелетін адаммен келiсілуге тиiс.
6. Экологиялық аудит аудитор жасайтын және аудиттелетiн адаммен келiсiлетiн аудит жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
7. Экологиялық аудит нәтижелерi бойынша аудитор аудиторлық есеп жасайды.
Жеке кәсіпкер болып табылатын аудитор жасаған аудиторлық есепке өзi қол қояды және оны жеке мөрiмен куәландырады.
Аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiне орындаушы аудитор қол қояды, оның жеке мөрiмен расталады, аудиторлық ұйым басшысы бекiтедi және оның мөрiмен куәландырылады.
Аудиторлық есепте, сондай-ақ, аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiледi.