1. Маңғыстау облысының Ақтау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ГМ - 172/10 мекемесi" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитеті заңнамада белгіленген тәртiппен Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Мекеменi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте "Тергеу-тұтқынға алынған адамдарды ұстау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мынадай мемлекеттiк мекемелерi таратылсын:
1) ЕЦ - 166/20 мекемесi;
2) ОВ - 156/12 мекемесi;
3) ГМ - 172/7 мекемесi.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
1) мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бекiтiлген штат санының лимиттерi шегiнде Мекеменiң штат санын белгiлесiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 25, 46, 79, 119-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 120-жолмен толықтырылсын:
"120. ГМ-172/10 мекемесi";
2) "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекiтілген "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
"ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту" деген кiшi бөлiмде:
реттiк нөмiрi 41-жолдың 2) тармақшасындағы "Iс-шаралар" деген бағандағы "ГM-172/7" деген сөздер алынып тасталсын.