1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметінiң
2004 жылғы 30 шілдедегi
N 807 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Жастар ісі жөнiндегi кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 396-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жастар ісі жөнiндегі кеңестiң құрамына мыналар енгізiлсiн:
Әйтiмова - Қазақстан Республикасы
Бiрғаным Сарықызы Премьер-Министрінің орынбасары,
төрайым
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Денсаулық сақтау министрi;
мына:
"Кәлетаев - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Дархан Аманұлы Әкiмшілігі Iшкi саясат бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
Өрсариев - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Арын Амангелдiұлы Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
аға сарапшысы, "Қазақстан жастары
конгресi" қауымдастық нысанындағы
заңды тұлғалардың бiрлестігі
кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәлетаев - Қазақстан Республикасының Президентi
Дархан Аманұлы Әкімшілігінің Iшкi саясат
басқармасы Әлеуметтік-саяси
бөлiмiнiң меңгерушiсi
(келiсiм бойынша)
Өрсариев - Қазақстан Республикасының Президентi
Арын Амангелдiұлы Әкiмшiлігінiң Iшкi саясат басқармасы
ақпараттық-талдау орталығының
аға сарапшысы, "Қазақстан жастары
конгресi" қауымдастық нысанындағы
заңды тұлғалардың бiрлестігi
кеңесiнiң төрағасы (келiсiм
бойынша)";
көрсетілген құрамнан: Марченко Григорий Александрович, Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы шығарылсын.
2. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінiң Құрмет дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 510-құжат):
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломын беру жөнiндегі комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:
Әбдiкәрiмов - Қазақстан Республикасының
Оралбай Мемлекеттік хатшысы, төраға
(келiсiм бойынша)
Сәрсенбайұлы - Қазақстан Республикасының
Алтынбек Ақпарат министрі;
"Күзембаев Валерий Әлбекұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Өнер және халықаралық байланыстар департаментiнiң директоры, хатшы" деген жолда "халықаралық" деген сөзден кейiн "мәдени" деген сөзбен толықтырылсын;
мына:
"Әбдiков - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Төлен Әкiмшілігі Iшкi саясат бөлiмiнiң
бас сарапшысы (келiсiм бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Әбдіков - Қазақстан Республикасының Президентi
Төлен Әкiмшiлiгінің Iшкi саясат
басқармасы Әлеуметтiк-саяси
бөлiмiнiң бас инспекторы
(келiсiм бойынша)";
көрсетiлген құрамнан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Абдрахманов Сауытбек шығарылсын.
3. "Туризм жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 534-құжат):
Туризм жөнiндегi кеңестің құрамына мыналар енгiзілсiн:
Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрi;
көрсетiлген құрамнан: Марченко Григорий Александрович, Коржова Наталья Артемовна шығарылсын.
4. "Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 97-құжат):
3-тармақтағы "Жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың 2) және 4) тармақшаларында "ұсыныстар" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының Үкiметiне" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Әйтімова - Қазақстан Республикасы
Бiрғаным Сарықызы Премьер-Министрiнің орынбасары,
төрайым
Алтаев - Қазақстан Республикасының
Базарбай Еркебайұлы Мәдениет министрлігі Тарихи-мәдени
мұра басқармасының бастығы, хатшы
Қойгелдиев - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Мәмбет Құлжабайұлы және ғылым министрлiгі
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және
этнология институтының директоры;
"Аманшаев Ермек Әмiрханұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрi, хатшы" деген жолда "хатшы" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген құрамнан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Алдажұманов Қайдар Сейсенбайұлы, Ақышев Кемел Ақышұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы шығарылсын.