Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметінiң
2004 жылғы 30 шілдедегi
N 807 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.
3. "Туризм жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 534-құжат):
Туризм жөнiндегi кеңестің құрамына мыналар енгiзілсiн:
Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрi;
көрсетiлген құрамнан: Марченко Григорий Александрович, Коржова Наталья Артемовна шығарылсын.
4. "Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 97-құжат):
3-тармақтағы "Жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың 2) және 4) тармақшаларында "ұсыныстар" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының Үкiметiне" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Әйтімова - Қазақстан Республикасы
Бiрғаным Сарықызы Премьер-Министрiнің орынбасары,
төрайым
Алтаев - Қазақстан Республикасының
Базарбай Еркебайұлы Мәдениет министрлігі Тарихи-мәдени
мұра басқармасының бастығы, хатшы
Қойгелдиев - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Мәмбет Құлжабайұлы және ғылым министрлiгі
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және
этнология институтының директоры;
"Аманшаев Ермек Әмiрханұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрi, хатшы" деген жолда "хатшы" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген құрамнан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Алдажұманов Қайдар Сейсенбайұлы, Ақышев Кемел Ақышұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы шығарылсын.