"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 50-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 2 шілдедегі
N 735 қаулысымен
бекiтiлген
Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесi
Осы Электронды саулау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық
Заңына
сәйкес әзiрлендi және электрондық сайлау жүйесiн қабылдауды қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Мемлекеттiк комиссияны (бұдан әрi - Комиссия) құру тәртiбiн айқындайды.
1. Комиссия Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (келiсiм бойынша) шешiмiмен құрылады және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс, стандарттау, метрология және сертификаттау, мемлекеттiк құпияларды қорғау және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен қалыптасады.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.26. N 898
қаулысымен
.
3. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келiсiм бойынша) бекiтедi.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешiмi бойынша Комиссияның құрамына электрондық сайлау жүйесi үшiн тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi берушiлердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.
5. Жүргiзiлген жұмыстың қорытындысы бойынша Комиссия электрондық сайлау жүйесiн пайдалануға қабылдау туралы тиiстi актiнi бекiтедi.