Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі N 735 қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының  50-1-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 2 шілдедегі 
N 735 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесi

      Осы Электронды саулау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық  Заңына  сәйкес әзiрлендi және электрондық сайлау жүйесiн қабылдауды қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Мемлекеттiк комиссияны (бұдан әрi - Комиссия) құру тәртiбiн айқындайды.
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмiмен құрылады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс, стандарттау, метрология және сертификаттау, мемлекеттiк құпияларды қорғау және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен қалыптасады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.14. N 961   қаулысымен .
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.26. N 898   қаулысымен .
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.09.14. N 961   қаулысымен .
      4. Комиссияға заңнамада белгiленген тәртiппен оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн сарапшылар ретiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тарту, сондай-ақ қажеттi ақпаратты сұрату құқығы берілсін. <*>
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.09.14. N 961   қаулысымен .
      5. Жүргiзiлген жұмыстың қорытындысы бойынша Комиссия электрондық сайлау жүйесiн пайдалануға қабылдау туралы тиiстi актiнi бекiтедi.