Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 684 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 наурыздағы N 237  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Мыңбаев                      - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы            Премьер-Министрiнiң орынбасары,
                               төраға

Нұршабеков                   - Қазақстан Республикасы
Ризат Рахатбекұлы              Ақпараттандыру және байланыс
                               жөнiндегi агенттігінiң Мемлекеттiк
                               бақылау және лицензиялау департаменті
                               директорының орынбасары, хатшы;

      көрсетiлген құрамнан Марченко Григорий Александрович,  Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы шығарылсын;
      2) "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат):
      1-тармақта:
      Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметті үйлестiру жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:

Мыңбаев                      - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы            Премьер-Министрiнiң орынбасары,
                               төраға;

Дунаев                       - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы             министрi,

      мына:

"Маханбетәжиев               - Қазақстан Республикасының Экономика
Батыр Әпенұлы                  және бюджеттік жоспарлау министрлiгi
                               Ақпараттандыру және инновациялар
                               саласындағы шығыстарды жоспарлау
                               департаментiнiң директоры"

      деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Ақпараттандыру және инновациялар саласындағы шығыстарды жоспарлау департаментiнiң директоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақпараттық технологиялар департаментiнiң директоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына:
"Жақыпов                     - Қазақстан Республикасының Президентi
Мiрболат Хабиұлы               Әкiмшiлiгiнiң Кеңсесi меңгерушiсiнiң
                               бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша)"

      деген жолдағы "Әкiмшiлiгiнiң Кеңсесi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары" деген сөздер "Кеңсесi Жалпы бөлiмiнiң меңгерушiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына:
"Есекеев                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Қуанышбек Бақытбекұлы          министрлiгi Ақпараттық технологиялар
                               департаментiнiң директоры"

      деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақпараттық технологиялар департаментiнiң директоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген құрамнан Марченко Григорий Александрович, Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы, Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы, Досаев Ерболат Асқарбекұлы шығарылсын;
      3) "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 149-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Радиожиілiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi