Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1386 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 682 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 729 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1386  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 50, 575-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ережеде:
      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "жүзеге асырады" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бағалы қағаздардың және өзге де өтiмдi қаржы құралдарының тiзбесiне сәйкес мерзiмдi депозиттерге тартылатын жеке тұлғалардың салымдарын мемлекеттiк бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастырады" деген сөздермен толықтырылсын;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2004 жылғы 21 маусымдағы  
N 682 қаулысына      
қосымша         

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық почта операторы   
туралы ережеге қосымша  

  Мемлекеттiк бағалы қағаздардың
және өзге де өтiмдi қаржы құралдарының тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылғандарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарынан басқа.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi, сондай-ақ орналастыру күнi бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген екiншi деңгейдегi банктердегi және/немесе резидент емес бас банктiң "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтiк агенттiктердiң жiктемесi бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтингтiк агенттiктiң жiктемесi бойынша) санаттарынан төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтинг бар, еншiлес резидент-банктегi салымдар.
      3. "АА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттiктердiң жiктемесi бойынша) немесе "Аа"-дан ("Moody's Investors Service" рейтингтiк агенттiктiң жiктемесi бойынша) төмен емес баға алған шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттiк емес борыштық бағалы қағаздары.
      4. Мынадай халықаралық қаржылық ұйымдар шығарған бағалы қағаздар:
      Халықаралық қайта құру және даму банкi;
      Еуропа қайта құру және даму банкi;
      Америкааралық даму банкi;
      Халықаралық есеп айырысу банкi;
      Азия даму банкi;
      Африка даму банкi;
      Халықаралық қаржы корпорациясы (Тhе International Finanse Corporation);
      Ислам даму банкi;
      Еуропа инвестициялық банкi.
      5. Кредиттік рейтингтiң халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен eмec ("Standard & Poor's" және "Fitch" жiктемесi бойынша) немесе "Аа2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" жiктемесi бойынша) рейтингтiк баға алған шетел мемлекеттерiнiң бағалы қағаздары.
      6. Агенттiк облигациялар, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары.
      7. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының өзге де мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары.