Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 729 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 50, 575-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 322-құжат).
3. «Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 65, 605-құжат).