Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 ( (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат):
тақырыбында, кiрiспесiнде және 1, 2-тармақтарда "(сырадан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта "Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қаржы министрлiгінiң, Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3, 4-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртiбiнде:
тақырыбында және мәтiнiнде "(сырадан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың екiншi абзацында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың соңғы абзацының алдынан мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"ж) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды сыра импорттаушылар ұсынбайды.";
8-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларда 20-тармақтағы "министрлiгi" деген сөз "министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
2, 3, 4-тармақтарда "(сырадан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақта "министрлiгi" деген сөз "министрлiгiнiң Салық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Сусындарды өндiру кезiнде
пайдаланылатын жұпар иістi
заттардың негiзiндегi
өнімдерден басқа, құрамдас
спирттiк шала өнiмдер 2106 90 200 0"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Уытты сыра 2203 00".
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі