Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 мамырдағы N 532 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға арналған қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) тақырыбындағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттiк бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) кiрiспедегі "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575  Жарлығының " деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджеті және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284  Жарлығының " деген сөздермен ауыстырылсын, "және 4-1-тармағына" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 1-тармақтағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттік бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға арналған қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесiнде:
      тақырыбындағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттік бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284  Жарлығына  сәйкес лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн қызметкерлердi көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауда Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi және олардың еңбегiне ақы төлеу Жарлықтың негiзiнде жүргiзiлетiн, мемлекеттік бюджеттің есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне қолданылады.";
      1-1, 14-тармақтарда, 13-тармақтың 1), 2) тармақшаларында "қаражат", "қаржы", "қаражаттың" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк бюджет қаражаты", "мемлекеттік бюджет қаражатын", "мемлекеттік бюджет қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын, 12-тармақта "үстемақылар белгiлеуге" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк бюджет қаражатын бөлу" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) Мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының мемлекеттiк әкiмшілік қызметшiлерiне бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен сыйлықақы төлеу тәртiбiнде:
      тақырыбындағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттiк бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі