Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 399 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы "пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық" деген сөздер "пайдаланылатын ақпараттық анықтамалықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мыналар:
      1) "ЦЕНА-ИНФОРМ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы ақпараттық-баспа фирмасының (Ресей Федерациясы) "Ценовая информация" ақпараттық бюллетені;
      2) Қазақстан азық-түлік өнімдерін өндірушілер одағының "Тамақ өнімдері бағаларының ақпараттық анықтамалығы" (Қазақстан Республикасы) тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын анықтамалықтар ретінде белгіленсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі