Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 364 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң         
2004 жылғы 20 наурыздағы  
N 364 қаулысымен      
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының кейбiр шешімдеріне
енгізілетін өзгерiстер

      1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегi N 306  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 11, 84-құжат):
      1, 2, 3, 5, 6-тармақтарда "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақ алынып тасталсын.

      2.  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы   N 1261  Қаулысымен).

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Ақпаратминистрлiгiне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 224-8, 224-9, 224-10, 224-11, 224-12, 224-13, 224-14, 224-15-жолдар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 224-16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "224-16  СТЛ-000337      "Қазақстан"
                               республикалық
                               телерадиокорпорациясы" ЖАҚ".

      4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi N 487  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 171-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      "2003-2005 жылдар" деген бөлiмде:
      "Мемлекеттiк сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау" деген 4-кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 32, 34-жолдарда:
      "Орындалуына жауаптылар" деген бағанда "МАҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген Жоспарға ескерту мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Ақпаратминi - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi".

      5. "Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 30 қазандағы N 1380  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 485-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 1.7.-жолда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "МАКМ, СЖА (келiсiм бойынша)" деген сөздер "Ақпаратминi, ЭБЖМ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрлерi 3.4., 4.2.-жолдарда:
      "Орындалуына жауаптылар" деген бағанда "МАКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегi N 843  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 265-құжат):
      2-тармақта "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 278-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 7-жолда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "ТОҚМ" деген аббревиатура алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 42-жолда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "МАКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 11, 126-құжат):
      1) 3, 4-тармақтарда "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 4, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 19, 23-жолдарда:
      "Орындалуына жауаптылар" және "Болжамды шығыстар" деген бағандарда "МАҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қабылданған қысқартулар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Ақпаратминi - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi".

      9.  9-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.26.   N 633 Қаулысымен.

      10.  10-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.15. N  1082  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.