Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы N 915 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 362 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы N 915  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 301-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесінде:
      6-тармақта "тоқсан сайын" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі