"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерiнiң, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегi агенттігiнiң (қаржы полициясы) және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттері;
2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Iшкi істер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) және олардың ведомстволары аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттері;
3) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Әдiлет министрліктерінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229
қаулысында
:
республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде реттік нөмiрi 5-жол алынып тасталсын;
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.30. N 495
қаулысымен
.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен
бекiтiлген
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.10. N 402 қаулысымен .(бұл өзгеріс 2004 жылғы 17 наурыздан бастап күшіне енеді)
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Әдiлет министрліктерінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегi агенттігінің (қаржы полициясы) және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi
__________________________________________________________________
Р/с | Атауы | Штат
N | | санының
| | лимиті
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
1 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі 1 406
ведомстволарды қоспағанда, министрлiктің орталық 1 129
аппараты
Iшкi әскерлер комитеті 225
Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi 52
заттарының айналымын бақылау жөнiндегi комитет
2 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі 418
ведомстволарды қоспағанда, министрлiктің орталық 187
аппараты
Тіркеу қызметі комитетi 31
Зияткерлiк меншік құқықтары жөніндегi комитет 27
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi 173
3 Қазақстан Республикасының Экономикалық және 204
сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әділет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегi агенттiгi (қаржы полициясы) және олардың ведомстволары аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi
___________________________________________________________________
Р/с | Атауы | Штат
N | | санының
| | лимиті
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
1 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 18 068
2 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 2 887
ведомстволарды қоспағанда, министрлiктiң аумақтық 1 832
органдары
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi 1 055
3 Қазақстан Республикасының Экономикалық және 3 581
сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
жөнiндегі агенттігі (қаржы полициясы)
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Iшкi істер, Әділет министрліктерінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігінің (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерінің және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттері <*>
Ескерту. Кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 806 қаулысымен .
___________________________________________________________________
Р/с | Атауы | Штат
N | | санының
| | лимиті
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
1
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
1 Iшкi әскерлердің құрамалары мен бөлiмдерi 21 329
оның iшінде мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілер 15 296
2 Қазақстан Республикасы IIМ-ың академиясы 678
3 Қарағанды заң институты 501
4 <*>
5 Ақтөбе заң колледжі 130
6 Алматы заң колледжі 134
7 Семей заң колледжі 160
8 Шымкент заң колледжі 214
9 Iшкі әскерлердің жоғары әскери училищесi 591
10 Бастапқы даярлық училищесi 94
11 Орталық госпиталь емханасымен бiрге 581
12 Кинологиялық орталық 75
13 "Оңтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы 29
14 "Солтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы 23
15 "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы 139
16 Автокөлік қызметiн көрсету мекемесi 169
17 Дипломатиялық өкілдiктердi күзету жөнiндегі 826
полиция полкі
Жиыны 25 673
2
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
1 Сот сараптамасы орталығы 609
2 Түзеу мекемелерi 12 900
3 Павлодар заң колледжі 218
4 Тергеу изоляторлары 4 131
5 Қостанай заң институты 300
Жиыны 18 158
3
Қазақстан Республикасының Экономикалық және
сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)
1 Қаржы полициясы академиясы 160
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің күшi жойылған кейбiр шешімдерiнiң тiзбесі
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешiмдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.
2. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 қарашадағы N 1270 қаулысы 4-тармағының 1) тармақшасы.
3. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Ішкi iстер органдары жүйесi штат санының лимитiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1443 қаулысы .
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 25 қаулысы .