Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 330 қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерiнiң, Экономикалық  және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегi агенттігiнiң (қаржы полициясы) және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттері;
      2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Iшкi істер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) және олардың ведомстволары аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттері;
      3) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Әдiлет министрліктерінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысында :
      республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде реттік нөмiрi 5-жол алынып тасталсын;
      2) "Штат санының" лимиттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегi N 314 қаулысына :
      2-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде реттiк нөмiрлерi 4 "Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi" және 21 "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгі" деген жолдар алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерінде реттiк нөмiрлерi 2 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" және 16 "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" деген жолдар алынып тасталсын.

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен  
бекiтiлген     

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.10. N 402 қаулысымен .(бұл өзгеріс 2004 жылғы 17 наурыздан бастап күшіне енеді)

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Әдiлет министрліктерінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегi агенттігінің (қаржы полициясы) және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi

__________________________________________________________________
Р/с |                Атауы                              |  Штат
 N  |                                                   | санының
    |                                                   |  лимиті
___________________________________________________________________
  1 |                  2                                |    3
___________________________________________________________________
1    Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі    1 406
     ведомстволарды қоспағанда, министрлiктің орталық    1 129
     аппараты
     Iшкi әскерлер комитеті                              225
     Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi          52
     заттарының айналымын бақылау жөнiндегi комитет

2    Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі        418
     ведомстволарды қоспағанда, министрлiктің орталық    187
     аппараты
     Тіркеу қызметі комитетi                             31
     Зияткерлiк меншік құқықтары жөніндегi комитет       27
     Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi                    173

3    Қазақстан Республикасының Экономикалық және         204
     сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
     жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен  
бекiтiлген     

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әділет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегi агенттiгi (қаржы полициясы) және олардың ведомстволары аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi

___________________________________________________________________
Р/с |                Атауы                              |  Штат
 N  |                                                   | санының
    |                                                   |  лимиті
___________________________________________________________________
  1 |                  2                                |    3
___________________________________________________________________
1    Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi    18 068

2    Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi        2 887
     ведомстволарды қоспағанда, министрлiктiң аумақтық   1 832
     органдары
     Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi                    1 055

3    Қазақстан Республикасының Экономикалық және         3 581
     сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
     жөнiндегі агенттігі (қаржы полициясы)
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен  
бекiтiлген     

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Iшкi істер, Әділет министрліктерінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігінің (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерінің және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттері

___________________________________________________________________
Р/с |                Атауы                              |   Штат
 N  |                                                   | санының
    |                                                   |  лимиті
___________________________________________________________________
  1 |                  2                                |     3
___________________________________________________________________
1    Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі

1   Iшкi әскерлердің құрамалары мен бөлiмдерi             21 329
    оның iшінде мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілер    15 296

2   Қазақстан Республикасы IIМ-ың академиясы              678

3   Қарағанды заң институты                               501

4   Қостанай заң институты                                300

5   Ақтөбе заң колледжі                                   130

6   Алматы заң колледжі                                   134

7   Семей заң колледжі                                    160

8   Шымкент заң колледжі                                  214

9   Iшкі әскерлердің жоғары әскери училищесi              591

10  Бастапқы даярлық училищесi                            94

11  Орталық госпиталь емханасымен бiрге                   581

12  Кинологиялық орталық                                  75

13  "Оңтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы        29

14  "Солтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы       23

15  "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы                     139

16  Автокөлік қызметiн көрсету мекемесi                   169

17  Дипломатиялық өкілдiктердi күзету жөнiндегі           826
    полиция полкі

    Жиыны                                                  25 973

2    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
1   Сот сараптамасы орталығы                              609
2   Түзеу мекемелерi                                      12 900
3   Павлодар заң колледжі                                 218
4   Тергеу изоляторлары                                   4 131

    Жиыны                                                 17 858

3   Қазақстан Республикасының Экономикалық және
    сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
    жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)

1   Қаржы полициясы академиясы                            160
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің күшi жойылған кейбiр шешімдерiнiң тiзбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешiмдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.

      2. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 қарашадағы N 1270 қаулысы  4-тармағының 1) тармақшасы.

      3. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Ішкi iстер органдары жүйесi штат санының лимитiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1443 қаулысы .

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 25 қаулысы .