Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 28 шілдедегі N 1035 және 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 646 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 307 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 375 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 375 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі N 1035  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім" деген 2-бөлім алынып тасталсын;
      2) <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.31. N  539   қаулысымен .

      2. "Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу жөніндегі бірыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 646 қаулысыныңкүші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі