Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу жөнiндегi бiрыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 646 қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.11. N 307 қаулысымен.

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi үшін қатты отынды және жанар-жағар май материалдарын сатып алу жөнiндегi конкурсты бiрыңғай ұйымдастырушы болып белгiленсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнің       
2003 жылғы 3 шiлдедегi
N 646 қаулысына    
қосымша        

Бiрыңғай конкурс өткiзу жөнiнде жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыратын республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.29. N 100 қаулысымен .

___________________________________________________________________
 1.  Қазақстан Pecпубликасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi
 2.  Қазақстан Pecпубликасының Конституциялық кеңесi
 3.  Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
 4.  Қазақстан Pecпубликасының Бас прокуратурасы
 5.  Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
 6.  Қазақстан Pecпубликасының Ұлттық қауіпсiздiк комитетi
 7.  Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп
     комитетi
 8.  Қазақстан Pecпубликасы Президентiнiң Іс Басқармасы
 9.  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
 10. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
 11. Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлiгi
 12. Қазақстан Pecпубликасының Индустрия және сауда министрлiгi
 13. Қазақстан Pecпубликасының Денсаулық сақтау министрлiгi
 14. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
     келiсiм министрлiгi
 15. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi
 16. Қазақстан Pecпубликасының Қорғаныс министрлiгi
 17. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
 18. Қазақстан Pecпубликасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
 19. Қазақстан Республикасының Көлiк және телекоммуникациялар
     министрлігі
 20. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
     министрлiгi
 21. Қазақстан Pecпубликасының Қаржы министрлiгi
 22. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
     министрлiгi
 23. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау
     министрлiгi
 24. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
 25. Қазақстан Pecпубликасы Президентiнiң Күзет қызметi
 26. Қазақстан Pecпубликасының Республикалық ұланы
 27. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтeр
     жөнiндегi агенттiгi
 28. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi
     агенттiгi
 29. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
     агенттiгi
 30. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi
     агенттiгi
 31. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және
     бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi
 32. Қазақстан Pecпубликасының Статистика жөнiндегi агенттiгi
 33. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi
 34. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi
 35  Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық
     қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы) <*>
 36. Қазақстан Pecпубликасының Кедендiк бақылау агенттiгi
 37. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ШБ
___________________________________________________________________