Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 303 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының бекітілген штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:

      "2026 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы;

      "2039 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы;

      "2040 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы;

      "2087 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының Бейнеу кенті;

      "2456 "б" әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) көрсетілген мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 28 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі