Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 303 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының бекітілген штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
      "2026 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы;
      "2039 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы;
      "2040 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы;
      "2087 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының Бейнеу кенті;
      "2456 "б" әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) көрсетілген мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 751 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      "9824 әскери бөлімі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "2026 әскери бөлімі.
      2039 әскери бөлімі.
      2040 әскери бөлімі.
      2087 әскери бөлімі.
      2456 "б" әскери бөлімі".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі