Жеке күзетшілерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 264 қаулысы

Қолданыстағы

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Мамандандырылған даярлау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке күзетшілерді, жеке күзет ұйымындағы, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесіндегі, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелеріндегі күзетші лауазымындағы қызметкерлерді даярлау және қайта даярлауды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының (арнайы оқу курсының) бірі ретінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі