Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 261 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.

      2. Қоса берілiп отырған:
      1) <*>
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсiн.
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N  607  қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2004 жылғы 3 наурыздағы       
N 261 қаулысымен         
бекiтілген         

  Қазақстан Pеспубликасы Ішкі істер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N  607  қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің   
2004 жылғы 3 наурыздағы        
N 261 қаулысымен          
бекiтiлген          

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N  607  қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 556-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесiнде:
      3, 9-тармақтардағы, 80-тармақтың 4) және 6) тармақшаларындағы және 1, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалардағы "Әділет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес" деген сөздер "Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына, олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекетке байланысты заңнаманы талдауды және жетілдiрудi жүзеге асырады;
      7) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және жасауды қамтамасыз етедi.";
      17-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында сот-сараптама мекемелерi жүргiзетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық етедi;";
      3) тармақша алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекiтілген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиялардың нысандарында және оларға қосымшаларда:
      "Әділет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес" деген сөздер "Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекiтілген Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне рұқсаттар нысандарында:
      "Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес" деген сөздер "Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 ақпандағы N 176  қаулысында :
      1) 2 және 3-тармақтардағы "Әділет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес" деген сөздер "Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-тармақ алынып тасталсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарында:
      "ӘдМ НЕҚК", "ДСА" және "МAКM" деген сөздер "IIМ", "ДСМ" және "Ақпаратминi" деген сөздермен ауыстырылсын.