Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 260 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитеті (бұдан әрi - Комитет) таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Комитетті таратуды, оның мүлкiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне берудi жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат) 1-тармағының және 2-тармағы 1) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнің         
2004 жылғы 3 наурыздағы    
N 260 қаулысымен       
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 қаңтардағы N 20  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен тәртiбi туралы ережеде:
      15-тармақтағы "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат):
      1) 2-тармақта:
      "министрлiгi" деген сөзден кейiн "және Әдiлет министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Нұсқаулықты" деген сөз "Нұсқаулықтарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
      5-тармақта:
      төртiншi абзацтағы "iшкi iстер" деген сөздер "әділет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi" деген сөздер "уәкілеттi органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әдiлет органдары Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiк пен төлқұжат беретiн уәкілетті органдар болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Iшкі iстер органдары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамның жеке куәлiгiн беру жөнiндегі уәкілетті органдар болып табылады.";
      13-тармақта:
      "құжатты" деген сөз "құжаттарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "уәкілеттi орган" деген сөздер "уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20, 22-тармақтардағы "iшкi iстер" деген сөздер "әділет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      23-тармақтағы "iшкi iстер органдарына" деген сөздер "уәкілетті органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      43-тармақ "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "және әділет" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.