Батыс Тянь-Шань тау жүйесi Қаратау жотасының бiрегей табиғи кешендерiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 196 гектар жер учаскелерi, сондай-ақ жалпы алаңы 34104 гектар қордағы жерлер жер санатынан алынсын және олар тұрақты жер пайдалану құқығымен Мекемеге берілсін.
Көрсетілген жер учаскелерi ауыл шаруашылығы мақсатындағы және қордағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi санатына көшiрiлсін, ал осы аумақта орналасқан ормандар "мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.
3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бiрлесіп, белгiленген тәртiппен Мекеме жерлерінiң жергілiктi шекарасын белгiлесiн.
4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi күзет аймағының шегінде бұл аумақтардың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, Мекеме жерлерінiң төңiрегiнде күзет аймағын белгілесін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Мекеме туралы ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетiн сомалар есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсін.
7. <*>
Ескерту. 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 1 наурыздағы
N 249 қаулысына
қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркiстан қаласының аумағында
құрылатын Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына тұрақты жер
пайдалануға берiлетiн жер учаскелерiнiң
Экспликациясы
___________________________________________________________________
P/c |Жерлер санаты және ауыл шаруашылығы алқаптары |Алаңы, га
N | |
____|______________________________________________|_______________
1 Яссы ауылдық округі -
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер:
жайылымдар 196
жиыны: 196
2) қордағы жерлер 23850
жиыны: 23850
барлығы: 24046
2 Оранғай ауылдық округi - 10254
қордағы жерлер 10264
жиыны: 10264
Барлығы: 34300
___________________________________________________________________