"Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 222 қаулысы

Қолданыстағы

      Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) Орталықтың жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлiмде реттiк нөмiрi 167-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "167-3. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы";
      2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, республикалық-бюджеттiң қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
      1 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмiнде:
      "Даму проблемалары бар балалар мен
      жасөспірімдерді әлеуметтiк бейiмдеу және
      кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық
      ғылыми-практикалық орталығы                              132"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-
      практикалық орталығы                                     165".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі