Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Орталықтың жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлiмде реттiк нөмiрi 167-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"167-3. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы";
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604
қаулысымен
.