Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнiң электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне сәйкестiгiн куәландыру жөнiндегi, сондай-ақ тiркеу куәлiгiнiң шынайылығын растау жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 202 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының " Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы " 2003 жылғы 7 қаңтардағы, " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнiң электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне сәйкестiгiн куәландыру жөнiндегi, сондай-ақ тiркеу куәлiгiнiң шынайылығын растау жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап үш ай өткеннен кейiн күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Pеспубликасы Yкiметінiң
2004 жылғы 20 ақпандағы   
N 202 қаулысымен     
бекітілген       

  Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнiң
электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне
сәйкестiгiн куәландыру жөнiндегi, сондай-ақ тіркеу куәлiгінiң
шынайылығын растау жөнiндегі лицензияланатын қызмет түрiне
қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Осы бiлiктілiк талаптары электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінiң электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлiгiнiң шынайылығын растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшiн лицензия алуға үміткер заңды тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) қолданылады.
      2. Лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары өтiнiш берушiде мыналардың:
      1) мәлімделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн операциялық жүйелермен, ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарымен, сондай-ақ ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен, жұмыс тәжірибесi бар бiлiктi инженер-техникалық персоналдың;
      2) куәландырушы орталықтың жұмыс істеуiне қажетті бағдарламалық-ақпараттық құралдарды орналастыру және пайдалану үшiн арнайы үй-жайлардың;
      3) куәландырушы орталықтың функцияларын жүзеге асыру үшiн сертификатталған ақпараттық-бағдарламалық кешеннiң;
      4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 13 маусымдағы N 967  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында арнайы жедел-iздестіру шараларын жүргізуге арналған ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнаулы техникалық құралдарын әзiрлеу, шығару, жөндеу және сату саласындағы қызметті лицензиялаудың тәртiбi және бiлiктiлiк талаптары туралы ережесіне сәйкес берiлген лицензияның;
      5) мәлімделген қызмет түрлерін ұйымдастыру туралы толық және анық түсiнiктеме беретін ұйымдық-техникалық ұсыныстардың болуын қамтиды.
      3. Мемлекеттiк органдар үшiн куәландырушы орталықтың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн өтiнiш берушiге мынадай қосымша бiлiктiлiк талаптары қойылады, онда:
      1) пайдаланылатын аппараттық-бағдарламалық кешендерге рұқсаты бар басшылар мен мамандарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтерге тиicтi рұқсаты және Қазақстан Республикасында құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулықтың талаптарына сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың электрондық цифрлық қолтаңбасының жабық (құпия) кiлттерiмен жұмыстарды орындау машықтарының;
      2) мәлiмделген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға куәландырушы орталықта қажеттi жағдайлардың болуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 619  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұйымдарға арнайы сараптама жүргiзу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткiзу ережесiне сәйкес өтiнiш игерушi ұйым басшысының және ол лицензияланатын қызметке басшылық жасауға уәкiлеттiк берген тұлғалардың кәсiби жарамдылығын растайтын арнайы сараптама материалдарының негiзiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, жұмыстарды жүргiзуге заңнамада белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсаттың болуы болжанады.