Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы N 619 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 484 қбп Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының почта саласын оңалту, почта-жинақ жүйесін қалыптастыру және нығайту әрі "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерімен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:

 

     "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне"

бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-2-жолмен толықтырылсын:

     "160-2.   АЛА-003001  "Қазпочта" ААҚ".

     2. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.