Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 190 қаулысы

Жаңартылған

      Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамытуды қамтамасыз ету және электр энергетикасы саласы жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.

      3. "Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногының тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 606  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 223-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. "КОРЭМ" ЖАҚ қызметiнiң негiзгi мәнi қолда бар (спот) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру болып белгiленсiн.".

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 18 ақпандағы 
N 190 қаулысына     
1-қосымша        

  Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы
нарықтық қатынастарды одан әрі дамытудың
тұжырымдамасы

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) 2004-2006 жж. орташа мерзiмдiк кезеңге арналған электр энергетикасындағы нарықтық қайта жаңарудың негiзгi бағыттарын анықтау мақсатында әзiрлендi.
      Тұжырымдамада электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда рыноктарын ұйымдастырудың негізгі қағидаттары, рыноктардың құрылымы, нарықтық тетiктердi дамыту үлгiлерi, электр энергиясы рыногының ашық бәсекелестiк үлгiсiне көшу кезеңдерi көрсетiлген.

      2004-2006 жылдардағы мерзiмдiк кезеңге арналған электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды дамытудың мақсаттары:
      электр энергетикасы саласының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру;
      елдiң электр энергетикалық әлеуетiн қалпына келтiруге және дамытуға инвестицияларды тарту үшiн жағдайлар туғызу;
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың, Бiртұтас Экономикалық Кеңiстiктiң (БЭК) мемлекетаралық ашық және бәсекелiк электр энергетикалық рыногын қалыптастыруға қатысу, шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қосарлас режимiндегi жұмыс;
      бөлшек сауда рыногында баға белгiлеудiң нарықтық тетiктерiн құру және электр энергиясы (қуаттар) мен қызмет көрсетулердiң көтерме сауда рыногында оны жетiлдiру;
      бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткiзу рыногында бәсекелестiктi дамыту;
      бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткiзушiлердi еркiн таңдау құқығын беру;
      электр энергиясының бәсекелiк рыногында электр энергиясы мен жылуды өндiрудiң құрама үлгiсiмен электр станцияларының жұмысы үшiн жағдайлар туғызу болып табылады.

      Осы мақсаттарға қол жеткiзу электр энергиясының көтерме сауда рыногын қалыптастыруды аяқтауды және бөлшек сауда рыногында бәсекелестіктi дамыту үшiн жағдайлар туғызуды, рынок субъектiлерi арасында өзара қатынастардың айқын тетiктерiн құруды талап етедi.

  1. Жалпы ережелер

      1.1. Негізгi ұғымдар мен анықтамалар

      Осы Тұжырымдамада мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) электр энергиясын теңгерiмдеу рыногы - ағымды операциялық тәулiктерде Бiрыңғай электр желiлерiнде электр энергиясын өндiрудiң және/немесе тұтынудың шартты және нақты шамалары арасында туындаған үйлесiмсiздiктердi Жүйелiк оператордың табиғи "нақты уақыт" режимiнде және кейiнгі қаржылық реттеуi нәтижесiнде қалыптасатын электр энергиясының көтерме сауда рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын Жүйелiк оператор және энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, көтерме сауда тұтынушылары өзге де ұйымдар арасындағы өзара қатынастар жүйесi;

      2) "бip күн бұрын" электр энергиясының спот-рыногы - "бip күн бұрын" режимiнде қолда бар электр энергиясын сатып алу-сату бойынша қысқа мерзiмдi мәмiлелер жасалатын ұйымдастырылған сауда алаңы;

      3) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - спот-сауда-саттықтарын қоса алғанда, сауда алаңында ерiктi негізде рынок субъектiлерi жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату жөнiндегі мәмiлелер;

      4) электр энергиясының көтерме сауда рыногы - энергия өндiрушi, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен Жүйелiк оператордың басқаруындағы тұтынушылардың арасындағы шарттар негізiнде қызмет ететiн және нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленетiн электр энергиясын көтерме сатып алу-сату және беру қатынастарының жүйесi;

      5) электр қуатын реттеу - рынок субъектiсiнiң нақты электрлiк жүктемесінен мәлiмделген электрлiк Жүктемесiнiң ауытқуларын теңгерімдеу жөнінде қызметтер көрсету;

      6) реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтердi) мемлекеттiк реттеудi, табиғи монополиялардың қызмет көрсетулерiне бiрдей қол жеткiзiлiмдi қамтамасыз етудi бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттендiрiлген мемлекеттiк орган;

      7) электр энергиясы мен қызмет көрсетудiң бөлшек сауда рыногы - электр энергиясының көтерме рыногынан тыс энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы шарттар негiзiнде қызмет ететін электр энергиясын сатып алу-сату және беру қатынастарының жүйесi;

      8) Жүйелiк оператор - орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қосарлас жұмысты қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегі теңгерiмдi қолдауды, жүйелiк қызмет көрсету және рынок субъектiлерiнен қосалқы қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ Ұлттық электр торабы бойынша (мемлекетаралық және өңiраралық деңгейдегi электр тораптары) электр энергиясын берудi және оның техникалық қызмет көрсетуi мен пайдаланушылық дайындықта ұсталуын жүзеге асыратын ұйым;

      9) электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының Операторы (электр энергиясының биржасы) - "бiр күн бұрын" сауда-саттық спотын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асырушы ұйым;

      10) уәкiлеттi орган - электр энергиясымен байланысты қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      11) энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр энергиясын бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асырушы ұйым.

      1.2. Электр энергетикасының жұмыс iстейтiн құрылымы мен жай-күйi

      Қолданыстағы ел заңнамасымен электр тораптарына еркiн кемсiтiлмеген қол жеткiзу қамтамасыз етiлген және шаруашылық етушi субъектiлерге өздігінен электр энергиясын сатып алу жөнiнде энергия өндiрушi ұйымдармен, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс шарттар жасасуға құқық берiлген.
      Қазақстанда екi деңгейден - электр энергиясының көтерме сауда рыногынан (орталықтанбаған сауда) және бөлшек сауда рыногынан тұратын электр энергиясының рыногы құрылған және жұмыс iстейдi.
      Өткiзiлген нарықтық түрлендiрулер нәтижесiнде электр энергетикада мынадай ұйымдық-технологиялық құрылым қалыптасты:

      1) энергия өндiрушi ұйымдар электр энергиясын өндiру мен көтерме сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асырады;

      2) өңiраралық және мемлекетаралық деңгейдегi желiлер бойынша электр энергиясын беру бойынша мiндеттердi, сондай-ақ Қазақстанның бiртұтас энергия жүйесiн жедел-диспетчерлiк басқару жөнiндегi (бұдан әрi - Қазақстанның БЭЖ) мiндетін атқаратын Ұлттық электр торабы ("КЕGОС" AAҚ);

      3) өңiрлiк деңгейде электр энергиясын берудi, таратуды және жеткiзудi жүзеге асыратын өңiрлiк электр желiлерi компаниялары (бұдан әрi - ӨЭК);

      4) электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда тұтынушылары;

      5) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;

      6) делдалдық-сауда ұйымдары (трейдерлер);

      7) олардың келiсiм-шарттық мiндеттемелерiне қатыстылығы бойынша рынокқа қатысушылардың электр қуатының апаттық тапшылығын жабуға қажеттi электр қуатын резервтеудiң тетiгiн қолдайтын электр энергиясының көтерме сауда рыногына қатысушылардың құрған ұйымы - электр қуаты резервтерiнiң пулы (бұдан әрі - ЭҚР Пулы);

      8) электр энергиясының көтерме сауда рыногындағы нарықтық оператор ("КОРЭМ" ЖАҚ).
      Электр энергиясын сатып алу-сату және оны беру бойынша көтерме сауда рыногы субъектiлерi арасындағы қатынастар:
      шарттың қолданылу кезеңiне электр энергиясын жеткiзу мөлшерi және жылдың уақыты мен аптаның күнiне байланысты электр энергиясын жеткiзу-тұтынудың сипаттамалық сағаттық кестелерi келiсiлетiн сатып алушы мен сатушы арасындағы электр энергиясын сатып алу-сату шарты, электр энергиясының шарттық бағасы мен төлеушарты белгiленедi;
      электр энергиясын сатып алушының (жекелеген жағдайларда - электр энергиясын сатушының) Ұлттық энергия торабымен жасасатын электр энергиясын беруге арналған шартымен ресiмделедi. Өңiрлiк деңгейдегі электр желiлерi арқылы электр энергиясын беру қажеттiлiгi кезiнде сонымен қатар ӨЭК-нан беруге шарт жасалады;
      "бiр күн бұрын" орталықтандырылған сауда-саттықтарда жасалатын мәмiлелермен ресiмделедi.
      Алайда екiжақты шарттар рыногы және "бір күн бұрын" режимiнде өткiзiлетiн орталықтандырылған сауда саттықтар тәулiктiң әрбiр ағымдық кезеңiне электр энергиясын өндiрудiң/тұтынудың тәулiктiк кестесiнiң қажеттi теңгерiмдiлігін қамтамасыз етпейдi.
      Шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қосарлас жұмыс жағдайларында бұл келiсiм-шарттық емес мемлекетаралық электр энергиясы ағындарына әкеп соғады.
      Көтерме сауда рыногында электр энергиясының бағалары сұраныс пен ұсыныстар негізiнде өндiрушiлер арасындағы бәсекелестiк жағдайларында қалыптасады.
      Бөлшек сауда рыногында тұрмыстық тұтынушылар үшiн электр энергиясы реттеушi орган белгілеген тарифтер бойынша босатылады.
      Электр энергиясын беру жөнiндегi қызмет көрсету табиғи монополия саласына жатқызылады және оларға тарифтердi реттеушi орган белгiлейдi. Бұл peттe Ұлттық электр торабы бойынша беруге арналған тарифтер энергия өндiрушi Ұйымнан тұтынушыға дейiнгi электр энергиясы берiлiсiнiң қашықтығына байланысты құрамдас бөлiгін құрайды. Сонымен қатар көлiктiк тарифке тораптарға нормативтік техникалық ысыраптарды сатып алуға арналған шығындар енгiзiлген. ӨЭК-ның тораптары бойынша берiске арналған тарифтер ("кiруi" үшiн тарифтер) қашықтық факторына байланысты емес және оларға нормативтiк техникалық ысыраптарға арналған шығындар енгізiлмейдi.

      1.3. Электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда рыноктарының проблемалы мәселелерi

      Электр энергиясы көтерме сауда рыногының мынадай проблемалық мәселелерi бар:
      Қазақстанның БЭЖ-де "нақты уақыт" режимiнде электр энергиясын өндiру/тұтынудың нақты және келiсiм-шарттық шамасы арасында теңгерiмдi қолдаудың нарықтық тетiктерi жоқ;
      Қазақстанның БЭЖ-де оның тұрақты қызметi мен тұтынушыларды электрмен сенiмдi жабдықтау үшiн қажеттi генерирлеушi қуаттардың жедел резервтерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар әзiрленген жоқ.
      Бөлшек сауда рыногында өзiнiң шешiмiн талап ететiн негізгi проблемалар:
      ел өңiрлерiнде электрмен жабдықтаудың - сатылас бiрiктiрiлгеннен бастап, бұрыннан бар ӨЭК-нан облыстық және қалалық электр тораптары түрiнде дербес заңды тұлғаларға бөлiнген, аудандық электр тораптарының (АЭТ) дербес заңды тұлғаларға бөлiнуiне дейiн түрлi ұйымдық-құрылымдық схемаларының болуы;
      ӨЭК-ын жекешелендiрудiң аяқталмауы;
      бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткiзу саласында бәсекелестiктің болмауы;
      ЭӨК-ның ынталандырымдарының жоқтығы бөлiгiнде нормативтiк және нормативтен жоғары (коммерциялық) ысыраптарды азайтуға өңiрлiк деңгейдегi тораптар бойынша электр энергиясын берудiң тарифтiк әдiснамасының жетілдiрiлмеуi;
      Бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын беру мен электрмен жабдықтау бойынша функцияларды жүзеге асыру кезiнде ӨЭК-да шығындардың бөлектеп есеп жүргiзудiң жоқтығы;
      электр энергиясының бәсекелiк рыногында электр энергиясы мен жылуды өндiрудiң құрамдастырылған үлгiсiмен электр станциялардың жұмысы үшін жағдайлар туғызу қажеттiлiгi;
      электр- және жылу тораптық шаруашылығын қайта жаңартуға және жаңалауға инвестицияларды тартудың төменгi деңгейi болып табылады.
      Электр энергетикасында нарықтық реформалардың жүргiзiлуiн тежейтiн ортақ проблемалар рынок субъектiлерiнде қажеттi коммерциялық есеп жүйелерiнiң болмауы iшкi рынокта электр энергиясының сағаттық сатылуын жүргізуге мүмкiндiк бермейтiндiгi секiлдi, сонымен бiрге мемлекетаралық ағындардың белгiленген сағаттық шамасын қадағалауға да мүмкiндiк бермейдi.
      Жоғарыда көрсетiлген проблемалар қаржылық орнықтылыққа және бөлшек caудa сараланымының инвестициялық тартымдылығына, нарықтық қатынастарды одан әрi дамытуға және тереңдетуге жәрдемдеспейдi.
      Бұл ретте ӨЭК-ы мен ЖЭО негiзгi қорларының тозуының сыни шегіне жеткендігі соншалық, таяу жылдарда өте жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкiн.
      Электр станциясының, электр және жылу тораптарының негізгі құрал-жабдықтарының орны толмас тозуы мен жарамсыз болуының алдын алу үшiн оларды қалпына келтiрудiң нақты тетiктерiн жасау қажет.

  2. Электр энергиясының көтерме сауда рыногын дамыту

      2.1. Нарықтық қатынастарды одан әрi дамытудың негiзгі мақсаттары

      Орта мерзiмдiк перспективада электр энергиясының көтерме сауда рыногын дамытудың негiзгі мақсаты "нақты уақыт" режимiнде рынокты, жүйелiк және қосалқы қызметтер рыногын теңгерiмдейтiн электр энергиясының "бiр күн бұрын" режимiнде спот-рыногы жұмыс iстеу тетiктерiн әзiрлеу мен енгiзу болып табылады.

      2.2. Көтерме сауда рыногының құрылымдарын дамыту

      Көтерме сауда рыногының үлгiсi мынадай құрылым негiзiнде қалыптасатын болады:
      электр энергиясын сатып алу-сатудың жекеленген рыногы;
      электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногы;
      "нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтiн рынок;
      жүйелiк және қосалқы қызмет көрсету рыногы.

      2.2.1. Электр энергиясын сатып алу-сатудың жекеленген (екiжақты келiсiм-шарттардың) рыногы

      Электр энергиясын сатып алу-сатудың орталықтанбаған (екiжақты келiсiм-шарттардың) рыногы рынокқа қатысушылар (сатып алушылар мен сатушылар) өз араларында электр энергиясын сатып алу-сатуға тiкелей шарттарды еркін жасай алатын электр энергиясының көтерме сауда рыногының негізгі сараланымы ретiнде қалатын болады.

      2.2.2. Электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногы

      Ұйымдастырылған сауда алаңын бiлдiретiн электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногы өзiнiң одан әрi дамуына ие болады.
      Рынок қатысушыларына ұсынылатын қызметтер спектрiн кеңейту мақсатында жұмыс iстеп тұрған "бiр күн бұрын" режимiндегі (спот рынок) орталықтандырылған сауда-саттықтар:
      - орташа (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан және жыл) перспективаға (форвард сауда-саттықтары) электр энергиясын жеткiзуге арналған;
      - операциялық тәулiк бойына (iшкi күндiзгi рынок) электр энергиясын жеткiзуге арналған сауда-саттықтармен толықтырылатын болады.
      Орталықтандырылған сауда рыногы ерiктi болып табылады. Бұл ретте, электр энергиясы спот-рыногының ("бір күн бұрын" рыногы және "iшкi күндiзгi" рынок) негiзгі мiндеттерi:
      - рынок қатысушыларына өзгерген жағдаяттарға сәйкес (тiкелей екіжақты ұзақ- және орта мерзiмдi шарттарды жасасу сәтiнен бастап) қысқа мерзiмдi мәмiлелердi жедел жасау жолымен өздерiнiң келiсiм-шарттар қоржындарын оңтайландыру мүмкiндiктерiн беру;
      - тiкелей екiжақты шарттарды жасасу кезiнде пайдаланылатын электр энергиясының ағымды нарықтық бағасының объективтi индикаторын қалыптастыру болып табылады.
      Спот-рынокқа қатысты таяу жылдардағы басты мiндет қазiргi уақытта көтерме сауда рыногы арқылы электр энергиясы жеткiзiлiмiнiң жалпы көлемiнiң 1%-дан төменiн құрайтын орталықтандырылған "бiр күн бұрын" спот-сауда-саттығының көлемiн арттыру болады. Бұл мынадай негiзгi бiрқатар себептермен шарттасады:
      - рынок субъектiлерiнде электр энергиясын бұл бекiтiлген өндiру/тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қадағалауға жеткiлiктi уәждеменi сағаттық есептеудiң қазiргi жүйесiнiң болмауы жасамайды;
      - сауда-саттыққа "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңның қолданылу әрекетiне түсетiн рынок субъектiлерi қатыса алмайды. Осы Заңмен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тауарлары мен қызметтер көрсетулерiн (электр энергияларын) сатып алу мемлекеттiк сатып алу болып табылады және конкурстар өткiзу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте теңгерiмдеу мақсаты үшiн электр энергиясын жедел сатып алу мүмкiндiгiн болдырмайтын рәсiмдер қарастырылады. Олардың iшiнде "КЕGОС" ААҚ (ысыраптардың өтемақысы үшiн электр энергиясын сатып алу), "Қазақстан темiр жолы" РМК, "Сәтпаев атындағы канал" РМК секiлдi электр энергиясын iрi сатып алушылар бар.
      Сондықтан "Мемлекеттiк сатып алу туралы"  Заңның  әрекетiне түсетiн рынок субъектілерiне сатып алудың анықтығы мен бәсекелестігін қамтамасыз етушi орталықтандырылған сауда-саттықтарда режимдердi ағымдық теңгерiмдеу мен түзету үшiн электр энергиясын жедел сатып алуды жүзеге асыру мүмкiндiгi берiлетін болады.
      Осы себептердiң бiрiншiсi 2004 жылдың аяғында коммерциялық есептеудiң автоматтандырылған жүйесi (бұдан әрi - АСКУЭ) енгізiлгеннен кейiн жойылатын болады, екiншісiн жою үшiн "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан республикасының Заңына тиiстi өзгерiстер енгiзу қажет болады.
      Электр энергиясы саудасының толыққанды орталықтандырылған рыногын қалыптастыру 2004 жылдың аяғына дейiн аяқталады. Оны басқару белгіленген тәртiппен бекiтiлетiн Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарының ережелерiне сәйкес электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногының Операторына жүктелетiн болады.

      2.2.3. Электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногы Операторының функциялары

      Орталықтандырылған сауда рыногының Операторы мынадай функцияларды:
      "бiр күн бұрын" және "операциялық тәулiктер iшiнде" режимiндегi орталықтандырылған сауда-саттықтарды ұйымдастыру мен басқаруды;
      электр энергиясына арналған орта мерзiмдiк және ұзақ мерзiмдiк келiсiм-шарттардың орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізуді;
      электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногына субъектiлердiң ашық кемсiтушiлiксiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi;
      рынок қатысушыларын орталықтандырылған сауда-саттықтарда қалыптасқан электр энергиясына қалыптасқан бағалар жөнiндегі ақпаратпен және өз құзыретi шегінде басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етудi орындайтын болады.
      Бәсекелiк рыноктың техникалық және ақпараттық базасының даму шамасына қарай орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру бойынша орталықтандырылған сауда рыногы Операторының функциясы мен құрылымы кеңейтiлетiн болады.

      2.2.4. "Нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтін рынок

      "Нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтiн рынок диспетчерлiк кестеге және тепе-теңсiздiктердiң кейiнгi қаржылық реттелуiне енгізiлген рынок субъектілерiнiң электр энергиясын өндiру мен тұтынудың нақты және сағаттық шамалары арасындағы тепе-теңсiздiктердiң операциялық тәулiктерi iшiнде туындаған "нақты уақыт" режимiнде табиғи реттеу мақсатында құрылатын болады.
      "Нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтiн рынокты басқаруды Жүйелiк оператор жүзеге асыратын болады. Жүйелiк оператор теңгерiмдейтін рынокта pынок қатысушылары төлеуi тиiс сағаттық тепе-теңсiздiктердi теңгерiмдi және қаржылық реттеудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтердi рынок қатысушыларына ұсынуы тиіс. Рынок қатысушылары төлеуi тиiс сағаттық тепе-теңсiздiктердi қаржылық реттеудi Жүйелiк оператор немесе Жүйелiк оператор құрылтайшылық ететін ұйым жүзеге асыратын болады.
      Қазақстан БЭЖ-де туындаған тепе-теңсiздiктердi табиғи реттеу үшiн Жүйелiк оператор қуаттың жедел резервтерiн пайдаланады. Жүйелiк оператор қуаттың жедел резервтерiн спот-сауда саттықтарында талап етiлмеген және жедел түрде диспетчерлендiру талап етілетiн дайындық деңгейi бар электр станциялары қуаттарының басқа мiндеттемелерден бос резервтерінің, сондай-ақ қосарлас режимде жұмыс iстейтiн басқа мемлекеттердiң (және/немесе олардың субъектiлерінің) энергия жүйелерiнiң, қуат резервтерiнiң және операциялық тәулiктер iшiнде талап етiлетiн көлемде өз жүктемесiн технологиялық циклға залал келтiрмей азайта алатын тұтынушылардың қуаттары базасында қалыптастырады.
      "Нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтiн рынокты құру үшiн тиiстi "нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтiн тетiк (рынок) Ережелерi реттеушi органмен келiсе отырылып, уәкiлеттi органмен әзiрленетiн және белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiлетiн болады.
      Энергия өндiрушi ұйымдар нақты электр станцияларда орналастыруды Жүйелiк оператор анықтайтын, Қазақстан Республикасының Электр желiлерi ережелерi талап ететiн, Қазақстанның БЭЖ қуаттар резервтерiнiң (бастапқы, қайталама реттеу үшiн резервтер және тұрақты "суық" резерв) көлемi мен құрылымын қолдауды қамтамасыз етедi. Қуаттардың жедел резервтерiн шұғыл түрде диспетчерлеуге талап етiлетiн деңгейдегi дайындықта ұстау үшiн қуаттардың жедел резервтерiнiң дайындығына төлем тәртiбi белгiленетін болады.
      Қуаттардың жедел резервтерiн iске қосу қажеттiлігін туындатқан электр энергиясының тепе-теңсiздiктерiне төлемдi шарттық тұтыну көлемiн арттыруға немесе электр энергиясының өндiрiмiн азайтуға жол берген, оның iшiнде технологиялық бұзушылық себебi бойынша электр энергиясы көтерме сауда рыногының субъектiсi жүргiзедi.
      Апаттық iстен шыққан қуаттарды ауыстыру қажет болған кезде немесе электр берілісi желiлерiн ұзақ айыру (жөндеу жұмыстарын жүргізу уақытына) кезiнде қолданысқа тұрақты түрде "суық" резерв енгiзiлетiн болады. Қолданысқа енгiзуге iске қосу шығындарының өтемақысы және суық резервтi пайдалану үшiн осы шығындарды жабудың нарықтық тетiктерi әзiрленетiн болады.
      Жүйелiк оператор нақты уақыт режимiнде теңгерiмдейтiн рынокта қарсы сауданы ұйымдастыру негiзiнде Ұлттық электр желiлерi учаскелерiнде асқын жүктемелермен туындаған басқаруды жүзеге асыратын болады.

      2.2.5. Жүйелiк оператордың функциялары

      Осы Тұжырымдамаға сәйкес электр энергиясының көтерме сауда рыногында Жүйелiк оператордың функцияларына:
      көтерме сауда рыногы субъектiлерiнiң Ұлттық электр желiлерiне қол жеткiзу үшiн тең жағдайларды және сенiмдiлiк пен сапаның қолданыстағы стандарттарына сәйкес Ұлттық электр желiлерi бойынша электр энергиясының берiлiсiн қамтамасыз ету, оның техникалық қызмет көрсетуi және пайдаланушылық дайындықта ұстау;
      электр энергиясын өндiрудiң/тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен диспетчерлiк тәулiктiк кестенi қалыптастыруды қоса алғанда, электр энергиясының сенiмдiлігі мен сапасының белгіленген стандарттарына сәйкес Қазақстанның БЭЖ жұмыс режимдерiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқару;
      Қазақстанның электр станцияларындағы Бiртұтас Электр энергетикалық жүйеде қуаттардың резервтерiн белгiленген тәртiппен орналастыру;
      шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерінің жүйелiк операторларымен қосарлас жұмыстың тұрақты режимдерiн басқару және қамтамасыз ету жөнiндегi өзара iс-қимыл;
      белгіленген заңнамалық тәртiппен нақты уақыт режимiнде теңгерiмдейтiн рынокты ұйымдастыру және басқару;
      белгіленген заңнамалық тәртiппен жүйелiк және көмекшi қызметтер рыногын ұйымдастыру және басқару;
      бiртұтас ақпараттық жүйенi, электр энергиясын коммерциялық есептеудiң автоматтық жүйесiн (АСКУЭ), электр энергиясының көтерме сауда рыногының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғаныс және апатқа қарсы автоматикаларының (РЗА және ПА) қатарлас құрылғыларын құру жөнiндегi техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      Қазақстан электр энергиясының бәсекелiк көтерме сауда рыногына қатысушыларды рынок субъектiлерiнiң коммерциялық құпиясын құрайтын мәндердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз ету жатқызылады.
      Жүйелiк оператордың функциялары заңнамалық актiде бекiтiлетiн болады.

      2.2.6. Жүйелiк және көмекшi қызметтер рыногы

      Жүйелiк оператор көмекшi және жүйелiк қызметтер рыногында көтерме сауда рыногы субъектiлерiнен төмендегiлердi қамтитын көмекшi қызметтердi сатып алатын болады:
      Жүйелiк операторға ұсынылатын электр қуаттарының жедел резервтерiнiң қажетті көлемдерi мен құрылымы және қуаттардың тұрақты (салқын) резервiн қоса алғанда, диспетчерлендiруге талап етілетін дайындық дәрежесi бар дайындықты қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер көрсетулер;
      энергия жүйелер тораптарындағы кернеудiң талап етiлетiн деңгейi үшiн реактивтердiң қуаттарын реттеу жөнiнде қызметтер көрсету;
      Қазақстанның БЭЖ-де талап етiлетiн электр энергиясының сенiмдiлiгі мен сапасын қамтамасыз ету үшiн белсендi қуатты реттеу жөнiндегi қызметтер көрсету:
      тиiстi келiсiмдер жасалғанға дейiн қосарлас режимде жұмыс iстейтiн шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiнде;
      теңгерiмдейтін рынокқа теңгерiмдейтiн рынокты iске қосуға дейiн iшкi энергия көздерiнде.
      Жүйелiк қызметтер көрсету Жүйелiк оператор көтерме сауда рынок субъектiлерiне көрсетілетiн қызметтердi бiлдiредi және ол өзіне:
      табиғи монополия саласы болып табылатын электр энергиясын беру жөнiндегі қызметтер көрсетудi;
      табиғи монополия саласы болып табылатын электр энергиясын торапқа босатуды техникалық диспетчерлендiру және тұтыну қызметтер көрсетудi;
      берiлiстер процесiне және диспетчерлендiруге байланысты қуатты реттеу жөнiндегi қызметтер көрсетудi:
      тиiстi келiсiмдердi жасасуға дейiн қосарлас режимде жұмыс iстеушi шектес мемлекеттердiң жүйелiк операторлары және/немесе тораптық компаниялары өзара iс-қимылы бөлiгiнде;
      теңгерiмдеуші рынокты енгiзуге дейiнгi көтерме сауда рыногы субъектiлерi үшiн;
      табиғи монополия саласы болып табылатын "нақты уақыт" режимiндегi теңгерiмдiк нарықтың қолданылуына байланысты теңгерiмдi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер көрсетудi қамтиды.
      Рыноктың басқа аймақтарымен энергияға тапшы өңiрдi (немесе осы өңiрдегi электр станциялары басқа өңiрлердегiге қарағанда анағұрлым қымбат электр энергетикасын өндiретiн) қосатын электр берiлiсi желiлерiнiң жеткiлiксiз өткiзу қабiлетi проблемасы болатын кезеңге бағалық көзқарастарға негiзделген және тораптардың дамуы үшiн (асқын жүктеменi басқару әдiстерi) инвестициялық ынталандыру жасайтын асыра жүктемелi желiлердiң қолда бар өткiзу қабiлетiн пайдаланудың нарықтық әдiстерi әзiрленетiн болады.

      2.3. Электр энергиясын беру жөнiндегi қызмет көрсетуге тарифтi құрауды жетiлдiру

      Электр энергиясы рыногының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн тарифтiң түзiлуі бәсеке мен нарықтық қатынастарды дамытуға ықпал етуi және рынокқа қатысушылар үшiн кемсiту болмауға тиiс. Электр энергиясының берiлiстерiнiң қашықтығы факторын есептеуге теңгерiмдiк көзқарасты қамтамасыз ететiн тарифтiк саясатты жетiлдiру бойынша жұмыс жүргiзiлетiн болады.

      2.4. Көтерме сауда рыногындағы даму кезеңдерi

       Бірiнші кезең (2004 жылдың аяғына дейiн)
      1. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтар ұйымдастыру және қызмет ету ережесiн әзірлеу және заңнамада белгіленген тәртiппен уәкiлетті органның бұйрығымен бекiту.
      2. Электр энергиясының орталықтандырылған саудасы рыногының Операторын тағайындау және "бiр күн бұрын" спот сауда-саттығын қоса алғанда, орталықтандырылған сауда-саттықты жүзеге асыру үшiн caудa алаңқайларын қалыптастыру.
      Бұл ретте Электр энергиясының орталықтандырылған саудасы рыногының Операторы тәулiктiк графиктi және нақты теңгерiмдi жасау жөнiндегі қызметтердi орындайды.
      3. Қазақстанның БЭЖ Жүйелiк операторын тағайындау.
      4. Ұлттық электр тораптары бойынша электр энергиясының берiлiстерiнiң қызметiне тариф құрудың әдiстемесiн жетiлдiру.
      5. Электр энергиясын сату-сатып алудың ұзақ және орта мерзiмдi келiсiм-шарттарымен электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарын iске қосу.
      6. "Нақты уақыт" режимiндегi Теңгерiмдiк тетiктiң (нарықтың) қолданылу ережесiн әзiрлеу және уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiту.
      7. "Ұлттық электр тораптарын жаңғырту" жобасы шеңберiнде электр энергиясын коммерциялық есептеудiң автоматтандырылған жүйесiн қолданысқа енгізу.

       Екiншi кезең (2005 жылдың аяғына дейін)
      1. Тiкелей көтерме сауда тұтынушылары үшiн 5 MBT тең болатын қолданыстағы деңгейден электр энергиясының бәсеке рыногына кiру шегiн 2-1 MBT дейiн кезеңiмен төмендету.
      2. "Нақты уақыт" режимiндегi теңгерiмдiк нарықты іске қосу.
      3. Тәулiктiк графиктi және нақты теңгерiмдi жасау жөнiндегi қызметтi Жүйелiк операторға беру.

  3. Электр энергиясының бөлшек сауда рыногының дамуы

      3.1. Электр энергиясының бөлшек сауда рыногының субъектiлерi

      Электр энергиясының бөлшек сауда рыногының субъектілерi:
      электр энергиясын өндiру және сату қызметiн жүзеге асыратын ұлттық және өңiрлiк деңгейдегі энергия өндiретiн ұйымдар;
      электр энергиясын тiкелей бөлшек сауда тұтынушылары - электр тұтынудың орта тәулiктiк қуаты электр энергиясының бәсеке рыногына белгiленген қол жеткiзу шегiне тең немесе асатын ӨЭК электр тораптарына қосылған тұтынушылар;
      жедел-диспетчерлiк басқаруды және өңiрлiк электр тораптарын пайдалануды, өңiрлiк электр тораптары бойынша электр энергиясының шарттық көлемдерiнiң берiлiсiн және диспетчерлендiрiлуiн қамтамасыз ететiн, ӨЭК тораптары мен Ұлттық электр тораптары арасындағы Жүйелiк оператормен келiсiлген сальдо-ток ағымдарының сақталуына жауап беретiн өңiрлiк электр тораптары компаниялары (ӨЭК);
      түпкi бөлшек сауда тұтынушылары - энергия жеткiзушi ұйымдардан (соның iшiнде ӨЭК) электр энергиясын сатып алатын ӨЭК электр тораптарына қосылған тұтынушылар;
      энергиямен жабдықтаушы ұйымдар - бөлшек сауда тұтынушыларына өндiрiлген немесе сатып алынған электр энергиясын сатуды жүзеге асырушы ұйымдар (бұдан әрi - ЭЖҰ).

      3.2. Бөлшек сауда рыногындағы нарықтық қатынастар дамуының негізгi бағыттары

      Белгiлi бiр аумақтағы бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясының барлық жеткiзiлiмдерi жалғыз жеткiзушiмен жүзеге асатын, мемлекетпен реттелетiн монополиялық бөлшек сауда рыногынан, жеткiзушілер түпкi тұтынушыларына электр энергиясының жеткiзiлiмдерi құқығы үшiн бәсекеге түсетiн бәсекелiк бөлшек сауда рыногына көшу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асады:
      дербес заңды тұлғаларға: өңiрлiк электр станцияларын (ЖЭӨ, ГЭС, ГТЭС және т.б.) және электр тораптық компаниялар (ӨЭК) мен жылу тораптары кәсiпорындарын бөлу жолымен сатылас ықпалдасқан өңiрлiк энергия компанияларды қайта құрылымдау;
      электр тораптық компанияларды жекешелендiру және қайта ұйымдастыру;
      көтерме сауда рыногында электр энергиясын сатып алатын ЭЖҰ арасында бәсекелiк жағдайларды жасау және бөлшек сауда тұтынушыларына олардың арасынан өз жеткiзушiсiн таңдау құқығын беру. Бұл құқық сондай-ақ тұтынушылардың көтерме сауда рыногына шығу үшiн аумақтық-бөлектенген топтарына бiрiгу құқығын өзiне қамтитын болады;
      рынок субъектiлерінің техникалық жарақтандырылуына қарай көтерме сауда рыногына шығу үшін талап етiлетiн қуаттың ең аз деңгейiн төмендету есебiнен кеңеюi.

      3.2.1. Электр тораптық компанияларды жекешелендiру және қайта ұйымдастыру

      Көтерме сауда рыногы инфрақұрылымына инвестициялар тарту мақсатында электр энергиясын есептеудi ұйымдастыруға және жетiлдiруге елеулi материалдық қаражатты талап ететiн электр энергиясының коммерциялық ысыраптары деңгейiн төмендетудi қоса алғанда ӨЭЖ жұмысының тиiмдiлігін көтеру үшiн оларды жекешелендiру аяқталады, ал қажет жағдайда бiр ӨЭЖ мүлiктiк кешенiн бөлу негiзiнде құрылған және бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегінде қызмет ететiн электр тораптарының компаниялары бiрiктiрiледi.
      Сондай-ақ сатылас-ықпалдас монополияларды қызмет түрлерi бойынша, соның iшiнде тораптық қызметтi жекелеген компанияларға бөлiп шығара отырып, бөлу аяқталады.

      3.2.2. Электр энергиясы бәсекелiк көтерме сауда рыногы шекарасының кеңеюi

      Көтерме сауда рыногы шекарасының кезең-кезеңiмен кеңеюi көтерме сауда рыногындағы сауда үшiн қажет бүгiнгi күнi қолданыстағы 5 МВт қуаттың ең аз деңгейiн бiртiндеп төмендету жолымен жүзеге асырылады. Осындай шек ұсақ бөлшек сауда тұтынушылары үшiн электр энергиясын жеткiзушiлердегi жинақтық (агрегирленген) қуат жүктемесiне де қойылады.
      ӨЭК-тің рынокка қатысушыларға қажеттi электр энергиясын коммерциялық есептеудiң жүйелердi және телекоммуникациялық жүйелердi орнатуы уәкiлеттi орган бекiткен тиiстi график бойынша жүргiзiлетiн болады.
      Сонымен бiрге көтерме сауда рыногына шығуды жеделдету мақсатында рынокка қатысушылар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен осы жүйелердi дербес орната алады.

      3.3. Электр энергиясы бәсекелестiк бөлшек сауда рыногын ырықтандыру кезеңдерi

      Алғашқы кезеңде ӨЭК-да жүзеге асырылатын қызмет түрлерi бойынша: электр энергиясын беру; жабдықтау қызметі, басқа да қызмет түрлерiнiң ысыраптарын және қаржылық есептерiн бөлу жүргiзiледi.

      3.3.1. Бiрiншi кезең (2005 жылдың 1 сәуiрiне дейiн) - Электр энергиясының бөлшек сауда рыногында бәсекелестiкті дамыту үшiн жағдайлар жасау

      ӨЭК-да қызмет түрлерiнiң бөлiнiсi және ЭЖҰ қызмет жасауы.
      Қаржылық ағымдардың айқындығын жасау, тоғысқан қаржыландыруды болдырмау және барлық ЭЖҰ үшiн келешекте бiрдей бәсекелiк жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ӨЭК-да электр энергиясының берiлiсi бойынша қызметтен электр жеткiзушi қызметтен ажыратуды жүзеге асыру қажет.
      2004 жылдың 1 шiлдесiне дейiн жеткiзу және басқа функциялар ӨЭК-лар құратын еншiлес немесе осы ӨЭК-тiң меншiгi болатын заңи дербес кәсiпорындарға, ӨЭК-ден ЭЖҰ-ға берiледi. Бұл ЭЖҰ-лар осы өңiрдегі электр энергиясын кепiлдiк жеткiзушi болып табылады.
      ЭЖҰ жалпы сатып алу көлемiнде осы сатып алу үлестерiн кезең-кезеңiмен көбейте отырып орталықтандырылған сауда-саттықтарда өз тұтынушылары үшiн электр энергиясын сатып алуды:
      2004 жылдың екiншi тоқсанынан - 20 %
      2004 жылдың төртiншi тоқсанынан - 50 %-ке дейiн жүзеге асыратын болады.
      Энергия өндiрушi ұйымдар орталықтандырылған сауда-саттықтарға электр энергиясының тиiстi көлемiн жеткiзуi тиiс. Орталықтандырылған сауда-саттық Операторы тәулiктiк графиктерiн әзiрлеуде ЭЖҰ орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алынған электр энергиясының көлемдерiн қамтиды.
      Коммерциялық есептеу құралдарындағы көрсеткiштердi есептеу ӨЭК-терге қалдырылады, ал берiлген деректер бойынша шоттарды көрсетудi ЭЖҰ жүзеге асырады.

Өңiрлiк (iшкi) және ұлттық энергия өндiрушiлер үшiн
электр энергиясын жеткiзудiң бiрдей жағдайларын жасау

      Бөлшек сауда рыногында нарықтық қатынастарды дамыту үшiн ұлттық дәрежедегi электр станциялары мен өңiрлердегi электр энергиясын өндiрушiлер (ЖЭӨ) арасында электр энергиясын жеткiзудiң бiрдей бәсекелiк жағдайларын қамтамасыз ету қажет.
      Жылу тораптары энергия көздерiнен бөлiнетiн болады және олардың базасында құрылған компаниялар коммуналдық меншiкке берiледi әрi (немесе) жеке меншiкте қалдырылады. Коммуналдық меншiкке берiлген жылу торабы шаруашылығын жөндеу жұмыстары, орнына келтiру және дамыту үшiн iс-шаралар әзiрленуi және қаражат көздерi анықталуы қажет.
      Жылу энергиясын беру тарифтерi нормативтiк техникалық ысыраптар құны есептей отырып белгiленедi.
      Елiмiздiң барлық аумағы үшiн ЖЭӨ-ның аралас өндiрiсi кезiнде электр және жылу энергиясы арасындағы шығындарды бөлудiң бiрыңғай әдiстемесi, сондай-ақ электр энергиясына бәсекелестiк бағаларды  ескеретiн электр және жылу энергиясы арасындағы шығындарды бөлу әдiстемесi қолданылатын болады.
      Көрсетiлген әдiстеменi енгiзу кезiнде жылу энергиясына тарифтер деңгейiнiң өсуi жағдайында жергiлiктi бюджеттерде қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үй-коммуналдық жәрдемақыларды төлеуге шығыстар көзделедi.

      3.3.2. Екiншi кезең (2005 жылдың 01.04. - 2006 жылдың 31.12.) - электр жеткiзушi ұйымдар арасындағы бәсекелестікке көшу

Бәсекелес электр жеткiзушi ұйымдар үшiн кедергiлердi жою

      ЭЖҰ-лардың арасындағы бәсекелестiктi дамытудың екi нұсқасы iске асырылатын болады, оларды таңдау жөнiндегi шешiм уәкiлеттi органмен келiсiле отырып жергiлiктi атқарушы органмен қабылданады.
      Бұл peттe екi нұсқада бәсекелес ЭЖҰ-ларды рынокка кемсiтушiлiксiз жiберудi қамтамасыз ету үшiн және электр тораптары компаниялары тараптарынан рыноктық билiктi асыра пайдаланушылық мүмкiндігіне жол бермеу үшiн бөлшек сауда жеткiзiлiмдерiне құқық алуға қажет анық тәртiп пен шарттар тiзбесi белгіленуi тиiс. Бөлшек сауда тұтынушыларын терiс пиғылды ЭЖҰ-нан қорғау мақсатында соңғыларының қызметi лицензиялауға жатады, ал лицензиялау үшiн шарттар тiзбесiне қаржылық кепiлдiк беру кiргiзiлуге тиiс.

      1) Бiрнеше ЭЖҰ нұсқасы. Өңiрде өзара бәсекелес ЭЖҰ болған кезде тұтынушылар: кепiлдi берушi жеткiзушiде - ЭЖҰ - ӨЭК еншiлес ұйымында қалу немесе жеткiзушiнi ауыстыруды таңдауы мүмкiн. Өңiрде бәсекелес ЭЖҰ болмаған және/немесе қандай да бiр жеткiзушiнiң рыноктан кетiп қалған жағдайда кепiлдiк жеткiзушi барлық тiлек бiлдiрген бөлшек сауда тұтынушыларын қызмет көрсетуге алуға тиiстi. Жеткiзушiнi ауыстыру процесiн тәртiпке келтiру және бәсекелiк ЭЖҰ жұмысы үшiн тұрақты жағдайлар жасау мақсатында жеткiзушiнi ауыстырудың тәртiбi, соның iшiнде тұтынушылар сол мезгіл бiткесiн жеткiзушiнi ауыстыруға құқылы болатын уақыт кезеңiн белгiлейтiн тәртiп белгіленедi.
      ЭЖҰ алдыңғы тәулiктерге өз тұтынушылары бойынша тәулiктік сағаттық графигін, соның iшiнде белгiленген тәртiппен бекiтiлген тұтыну топтары бойынша типтiк тәулiктiк сағаттық графиктi жасайды. Осы графиктер тәулiктiк сағаттық графиктi қалыптастыру үшiн барлық ЭЖҰ-лар ӨЭК-на бередi.
      Электр энергиясының мәлiмделген тұтыну/өндiрудiң нақты сағаттық көлемдерiнен ауытқулармен байланысты орнын табу, ал электр энергиясын коммерциялық есептеу құралдары болмағанда - бәсекелес ЭЖҰ арасындағы теңгерiмдi бөлу және олардың одан әрi қаржылық реттелуiн жүзеге асыру қажет. Көрсетiлген функцияларды (теңгерiм ұйымдарының функциялары) белгіленген тәртiппен бекiтiлген ережелерге сәйкес ЭЖҰ үшiн ӨЭК-пен орындалады.
      ӨЭК Жүйелiк оператормен келiсе отырып өз жауапкершiлігі аймағында операциялық тәулiкте теңгерiмдi ұстап түру үшiн электр энергиясын сату/сатып алудың көлемiн ұлғайта немесе азайта алады. Бұл ретте теңгерiмдi ұйымдастыруға байланысты барлық шығындар компанияның жалпы шығындарында жеке есептеу тәртiбiмен есепке алынады.
      Тұтынушыларды ақы төлемегенi және жеткiзушiлер алдындағы қарызы үшін айыруды белгiленген айыру ресiмдерiне сәйкес жеткiзушiлердiң өтiнiмдерi бойынша ӨЭК жүзеге асырады.

      2) Франчайзинг нұсқасы. Белгiлi бip өңiр (аудан, кiшi өңiр) үшiн анықталған кезең барысында электр энергиясын бiрыңғай жеткiзудiң қызметiн атқару құқығына бәсекелес ЭЖҰ-лар арасында конкурс өткiзiледi. Негiзгi өлшем бөлшек сауда тұтынушылары үшiн электр энергиясының ең аз босату бағасы болып табылады. Конкурсқа қатысудың негiзгi шарты қаржылық кепiлдiктердi беру болып табылады.

      3.4. Тариф құрауды жетілдiру

      3.4.1. Өңiрлiк (жергiлiктi) деңгейдегi тораптар бойынша электр энергиясын беру тарифтерiн есептеу әдiстемесiн жетiлдiру

      2004 жылдың аяғына дейiн бекiтiлген инвестициялық бағдарламалары бар бiрнеше ӨЭК-лердiң ортамерзiмдiк (тұрақты) тарифтер бойынша жұмыс iстеуге көшудiң тұңғыш жобасы iске асырылады, ол атап айтқанда нормативтен тыс ысыраптардың деңгейiн азайтуға ықпал етедi.
      Негiзгі қаражатты жаңарту, нормативтен тыс ысыраптармен күрес жөнiндегi өзге шараларды өткiзу арқылы нормативтiк және нормативтен тыс техникалық ысыраптардың деңгейiн азайтудың ықпалды ынталандырылуын жасау қажеттiлiгiне байланысты 2004 жылдың 1 шiлдесiнен бастап нормативтiк техникалық ысыраптарға байланысты шығындар өңiрлiк (жергiліктi) деңгейдегi тораптар бойынша электр энергиясын беру тарифтерiнде есепке алынатын болады. Бұл ретте ысыраптар деңгейi тұтынушы қосылған тораптық жабдықтың кернеу сыныбына тәуелдi жiктелiске түседi, ал ысыраптарды өтеу үшiн қажеттi электр энергиясы ӨЭК орталықтандырылған сауда-саттықтарда сатып алынады.
      ӨЭК-ларда электр энергиясын коммерциялық есептеу жүйесiн жасауға және коммерциялық ысыраптарды азайтуға бағытталған реттеушi органмен келiсiлген инвестициялық бағдарламалар болған кезде ӨЭК тораптары бойынша электр энергиясын беру тарифiнде, сондай-ақ нормативтен тыс ысыраптардың бөлiгi 5% дейiн есептелетін болады. Келесiде ӨЭК тарифiнде есептелетiн нормативтен тыс ысыраптардың мүмкiн болатын деңгейiн реттеушi орган кезеңiмен азайтатын болады.
      Өңiрлiк (жергiлiктi) деңгейдегi тораптар бойынша электр энергиясын беру жөнiнде қызмет көрсетуге тарифтердi белгiлеудiң кемсiтпеу әдiстерiн қамтамасыз ету үшiн ӨЭК қызметтерiн көрсетуге тарифтердi есептеу әдiстемесi одан әрi жетiлдiрiлетiн болады. Тарифтердi есептеудiң әртүрлi әдiстерi, соның iшiнде кернеуiнiң, тораптық жабдықтың сыныбы есепке алына отырылып қарастырылатын болады. Олар бойынша шешiмдер осы Тұжырымдаманың қолданылу кезеңiнде қабылданатын болады.
      Бұл ретте реттеушi органның негiзгi мiндетi тұтынушы топтары бойынша электр энергиясын беру жөнiндегi қызмет көрсетуге тарифтерiн экономикалық негізделген жiктеудi қамтамасыз ету болып табылады.

      3.4.2. Электр энергиясына босату бағаларын қалыптастыру тәртiбi

      Бәсекелесушi ЭЖҰ жеткiзетiн қызметтер мен электр энергиясына бағаларды олар жеке өзi белгiлейдi. Бұл ретте бiрнеше ЭЖҰ нұсқасында олар тұтынушыларға жеткiзiлетiн электр энергиясының бағаларына қатысты түрлi шарттарды ұсынуы мүмкiн:
      баға көтерме сауда рыногында электр энергиясын сатып алудан қалыптасқан шығындардан, олардың берiлiсiнен және тепе-теңсiздiкті төлеуге байланысты шығыстарына байланысты ай сайын азаю жағына да, көбею жағына да өзгеруi мүмкiн;
      баға белгілi бiр кезең iшiнде (жарты жылдық немесе жыл) тұрақты болып табылады.
      Бәсекелестік (монополияға қарсы) саясат үшiн жауап беретiн мемлекеттiк орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы рыноктағы бәсекенiң жай-күйiне бақылауды жүзеге асыратын болады.

      3.4.3. Бөлшек сауда тұтынушыларын қорғау жөнiндегi шаралар

      Ырықтандырудың алғашқы кезеңдерiнде түпкi тұтынушылар үшiн босату бағаларының төмендеуi емес, керісiнше, олардың бiршама өсуiнiң орын алуы мүмкiн.
      Бұл электр энергиясына бағаның негiзсiз өсуiнен бөлшек сауда тұтынушыларын қорғау жөнiндегi шараларды қабылдауды талап етедi.
      Осыған байланысты бiрiншi кезеңде реттеушi орган электр энергиясына босату тарифтерiн (бағаларын) қалыптастырудың тәртiбiн белгiлейтiн болады, олар тоқсанына бiр реттен жиi емес өзгертілуi мүмкiн.
      Бөлшек сауда тұтынушыларының жаңа нарықтық жағдайларға бейiмделуi және оларды терiс пиғылды жеткiзушiлерден қорғау үшiн ӨЭК-лармен (олардың меншiк иелерiмен) құрылған ЭЖҰ-ларға "кепiлдiк жеткiзушiлер" функциясы, яғни, мемлекет олардың қызмет көрсету аумағында орналасқан, оларға өтiнiш бiлдiрген кез келген төлемге қабiлеттi тұтынушыларға қызмет көрсету мiндеттемесi компанияларға жүктелетiн болады.
      Бұл кезеңде ӨЭК қайта ұйымдастырылуы кезiнде құрылған жалғыз ЭЖҰ үшiн бәсекелесушi ЭЖҰ болмағанда көрсетiлетін қызмет түрлерiне тарифтi (жеткiзу үстеме ақысын) реттеушi орган белгiлейдi.
      Тұтынушылардың құқығын қорғау және жеткiзушiлер мен ЭЖҰ арасындағы дауларды шешу үшiн және рынокқа қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыру мақсатында тиiстi нормативтік құжаттар әзiрленетiн болады.

  4. Электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын
қайта қалпына келтiру жөнiндегi шаралар

      Электр станцияларының, электр және жылу тораптарының негiзгi өндiрiс қорларының жоғарғы дәрежедегi тозуы, өтелiмдiк аударымдардың және инвестициялардың төменгi деңгейi энергетикалық жабдықтардың орнын толмайтын жарамсыздығына әкелiп соғуда.
      Жабдықтардың ұлғаймалы жарамсыздығы керi әсерiнiң салдарын алдын алу үшiн электр станцияларының жабдықтарын қайта қалпына келтiру үшін электр энергиясына бағалардың (тарифтердiң) "инвестициялық құрама бөлігін" қаржыландырудың нақты көзi жасалатын болады.
      Энергетикалық жабдықтарды қалпына келтiру үшiн өтелiмдiк аударымдарды есептеу әдiстемесi қайта қаралады, сала ерекшелiктерi ескерiлетiн болады. Энергетикалық жабдықтарды қалпына келтiру бойынша өтелiмдiк аударымдарды есептеулерде жабдықтың нақты немесе қалпына келтiрiлетiн құны бейнеленуi қажет.

  5. Электр энергиясы рыноктарын
басқару және ұйымдастыру құрылымы

      Қазақстанның электр энергиясы көтерме рыногын мемлекеттiк басқару және реттеудi рыногы жұмыс iстеуiнiң жалпыға мiндеттi ережелерiн белгiлеу, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне бағаларды (тарифтердi) мемлекеттік реттеу, сондай-ақ рыноктың тиiмдi қызметiн бақылау арқылы уәкiлетті және реттеушi органдар жүзеге асырылады.
      Тұжырымдаманың қолданылу кезеңiнде саланы басқару құрылымдарын жетiлдiру нұсқалары қаралатын болады.

  6. Электр энергиясы рыноктарының
техникалық және ақпараттық базасы

      Қазақстандағы электр энергиясының көтерме сауда рыногын одан әрi дамыту және жетiлдiру тиiсiнше техникалық қамтамасыз етудi талап етедi.
      Бiрiншi кезекте бұл:
      рынокқа қатысушыларды электр энергиясын беру және тұтыну көлемдерiн сағаттық есеппен қамтамасыз ететiн және оларды одан әрi электр энергиясы үшiн өзара есептеулерде пайдалану үшiн ұзақ есте сақтайтын коммерциялық есептеудiң автоматтандырылған жүйесiмен (КЕАЖ) жарақтандыру;
      энергетика жүйесіндегi электр энергиясын жеткiзу, беру және тұтыну режимдерiн жоспарлаудың автоматтандырылған кешенi;
      электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық рыногын техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету;
      2004 жылдың аяғына дейiн "KEGOC" ААҚ "Ұлттық электр торабын жаңғырту" жобасы шеңберiнде Ұлттық электр торабын сағаттық коммерциялық есептеудiң құралдарымен жарақтандыруды аяқтауға және КЕАЖ пайдалануға беруге тиiс.
      Энергия өндiрушi ұйымдар және көтерме сауда тұтынушылары бастапқы кезеңде (КЕАЖ құрылғанға дейiн) көтерме сауда рыногы арқылы жеткiзiлген/тұтынылған электр энергиясының сағаттық көлемдерiн ескеруге мүмкiндiк беретін ұзақ уақытты жадымен және сандық шығулары бар белсендi және реактивтi энергияның микропроцессорлық есептегiштерiн орнатуға және жергілiкті деңгейдегі КЕАЖ ұйымдастыруы тиiс. Бұл ретте рынокка қатысушылар КЕАЖ Жүйелiк операторынан және жергiлiктi деңгейдегі КЕАЖ-жүйесiнен Жүйелiк операторға ақпарат берудiң жергiлiктi деңгейдегі КЕАЖ бiрегей талаптарын қамтамасыз етуге мiндеттi. Кейiннен рынокка қатысушылардың жергілiктi КЕАЖ және КЕАЖ Жүйелiк операторы арасында Уәкiлеттi органның белгiлеген талаптарына сәйкес деректер алмасудың автоматтандырылған жүйесi құрылуға тиiс.
      2006 жылдың аяғына дейiн ӨЭК-лар бөлiнiс электр тораптарының негізгі электр торап объектiлерiн КЕАЖ Жүйелiк операторымен және қазiргі заманғы телекоммуникация жүйелерiмен, бiрегейленген КEAЖ жүйелерiмен жарақтандыруды жүзеге асырады. Көрсетiлген шараларға қажет ӨЭК инвестициялары 60-70 млн. АҚШ долларын құрайды.

  7. Қайта орны толатын энергия көздерi

      Қайта орны толатын энергия көздерi, бiрiншi кезекте жел және күн электр станциялары белгілi бiр дамуға ие болады.

  8. ТМД елдерiнiң энергия жүйелерімен өзара қарым-қатынас

      2000 жылдың ортасынан берi Қазақстанның БЭЖ ТМД елдерiнiң энергия жүйелерiмен қосарлас жұмыс режимiнде жұмыс iстейдi, ол электр энергиясымен мемлекетаралық сауда-саттық үшiн технологиялық негіз жасауға және тұтынушылар үшiн сенiмдiлiк пен сапаның белгiленген стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Қазақстан БЭЖ қосарлас жұмысы жағдайы Қазақстан, Ресей және Орталық Азия энергия жүйелерi арасындағы қосарлас жұмыс туралы тиiсті шарттармен (Қазақстан атынан - "KEGOC" AAҚ) реттеледi.
      Бұл ретте, қазiргі сәтте сондай-ақ Қазақстан электр энергиясы рыногы субъектілерiнiң мүдделерiн толық түрде бейнелей алатын экспортты мемлекетаралық және iшкi реттеу электр энергиясының импорты, тасымалы, iлеспе қызметтер көрсету толығымен тиянақталмаған.
      Тұтастай алғанда, ТМД елдерiнiң энергия жүйелерi өзара қарым-қатынастарында шешуiн талап ететiн мынадай мәселелер орын алып отыр:
      Ұлттық электр торабы арқылы Қазақстан Республикасы бейрезиденттерiнiң электр энергиясының транзитi үшiн төлем алмау;
      Қазақстанның реттелетiн қуаттар рыногында Қазақстан Республикасының бейрезиденттерi энергия кәсiпорындарының қатынасуында айқын тетiктердiң болмауы;
      Қазақстандық электр энергиясының елдiң батыс аймақтарына транзитiн жүзеге асырудың мүмкiн еместiгi;
      Қазақстанның оңтүстiк аймақтарындағы вегетациялық кезеңiмен және вегетациялық кезеңде өзара есеп айырысудың баспа-бас схемасының басым түсуiмен байланысты электр энергиясының импорты мәселесiн шешуде әкiмшілiк әдiстер.
      Қазақстан арқылы орта азиялық электр энергиясы транзитiн өзара байланыстыру мен қазақстандық энергия көздерiн толық жүктемелеу мәселесi шешудi талап етедi.
      Ашық және бәсекелес мемлекетаралық электр энергиясының рыногын қалыптастыру мақсатында (бұдан әрi - МЭР) электр энергиясының өзара транзитiн жоспарлау, ұйымдастыру және бақылаумен және электр энергияларының мемлекетаралық ток ағымдарының реттеуге байланысты мәселелер шешiлетiн болады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы келесi қағидаттарды басшылыққа алатын болады:
      елдердiң тең құқықтығы, өзара пайдалылық және тараптардың басқа мемлекеттердiң энергия жүйесiн басқарудың iшкi мәселесiне қол сұқпауы;
      электр энергиясының iшкi рыноктарын ұйымдастыру мен қызмет ету қағидаттарын дербес анықтау;
      Импорт пен экспортты қоса алғанда электр энергиясының келiсiм-шарттық жеткiзiлiмдерi мен тұтынулары теңгерiмiн өз энергия жүйесi шегiнде қамтамасыз етуде Жүйелiк операторлардың жауапкершiлiгi.
      Энергия жүйелерi Қазақстан энергия жүйесiмен қосарлас жұмыс жасайтын мемлекеттердегі электр энергетикасын қайта құрылымдау қарқынының теңеле түсуiне қарай елдердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы қуаттарды реттеуге арналған келiсiмдердi жасасу тәжiрибесi кеңейтiлетiн болады.

  9. Электр энергиясы рыногы қызмет
етуiнiң нормативтiк құқықтық базасы

      Осы тұжырымдаманың ережелерiн iске асыру процесiнде электр энергиясы рыногының ұйымдастырылуы мен қызмет етуi және ҚР БЭЖ саласында нормативтiк және нормативтiк құқықтық базаның дамытылуы мен жетілдiрiлуi талап етiледi, ол бiрiншi кезекте:
      рыноктың жаңа бөлiктерiнiң, энергия жүйесiнiң теңгерiмi нарықтық тетiктерiнiң, асқын жүктемелердi басқарудың қалыптасуы және қызмет етуiмен;
      рынок құрылымы мен нарықтық қатынастардың құрылымын жетілдiрумен байланысты.

      Атап айтқанда:
      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына ;
      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына ;
      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына ;
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына ;
және өзге де нормативтік құқықтық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгізiледi.
      Қажет болса, басқа да нормативтiк құқықтық және нормативтiк құжаттар әзiрленетін болады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 18 ақпандағы 
N 190 қаулысына     
2-қосымша        

Қазақстан Республикасының электр
энергетикасындағы нарықтық қатынастарды
одан әрi дамыту тұжырымдамасын iске
асыру жөнiндегi іс-шаралар жoспары 

       Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.27. N 987  қаулысымен .
__________________________________________________________________
 N |        Іс-шаралар атауы     | Аяқталу |Орындауға  | Орындау 
p/c|                             | нысаны  |жауаптылар |мерзімдерi
__________________________________________________________________
 1                 2                   3          4         5
__________________________________________________________________
 Электр энергетикасында қатынастарды реттеуші нормативтiк база

1  "Электp энергетикасы           Заң       ЭМРМ, ТМРА  2004
   туралы" Қазақстан Республика.  жобасы    (келiсiм    жылдың
   сының Заңына өзгерiстер мен              бойынша)    I тоқсаны
   толықтырулар енгiзу туралы
   заң жобасын Парламент Мәжiлi.
   сiне әзiрлеу және енгiзу

2  "Табиғи монополиялар туралы"   Заң       TMPA        2004 жылдың
   Қазақстан Республикасының      жобасы    (келiсiм    III тоқсаны
   Заңына өзгерiстер мен                    бойынша),
   толықтырулар енгiзу туралы               ЭМРМ
   заң жобасын Парламент
   Мәжiлiсiне әзiрлеу және
   енгiзу

3 <*>

4 <*>

5  Қазақстан Республикасының      ЭМРМ      ЭМРМ, ТМРА  2004 жылдың
   Электр желiлерi ережесiне      бұйрығы   (келісiм    III тоқсаны
   өзгерiстер мен толықтырулар              бойынша)
   енгізу

   Көтерме сауда рыногында нарықтық қатынастарды дамыту кезеңдерi

6  Электр энергиясының            ЭМРМ      ЭМРМ, TMPA  2004 жылдың
   орталықтандырылған             бұйрығы   (келiсiм    III тоқсаны
   сауда-саттықтарын                        бойынша),
   ұйымдастыру және                         "КОРЭМ"
   қалыптастыру ережесi                     ЖАҚ,
                                            "KEGOC"
                                            ААҚ, ҚЭҚ

7  Электр энергиясының            ЭМРМ      ЭМРМ, ТМРА  2004 жылдың
   көтерме сауда рыногын          бұйрығы   (келiсiм    ІІI тоқсаны
   ұйымдастыру және                         бойынша),
   қалыптастыру ережесi                     ӘМ, "KEGOC"
   (өзгерiстер мен                          ААҚ,
   толықтырулар енгiзу)                     "КОРЭМ"
                                            ЖАҚ, ҚЭҚ

8  Электр энергиясының            ЭМРМ      ЭМРМ,       2004 жылдың
   орталықтандырылған             бұйрығы   "КОРЭМ" ЖАҚ I тоқсаны
   сауда-саттықтар Операторын
   тағайындау

9  Қазақстанның БЭЖ Жүйелiк       ЭMPM      ЭMPM,       2004 жылдың
   операторын тағайындау          бұйрығы   "KEGOC" ААҚ ІІI тоқсаны

10 Жүйелiк оператордың            ЭMPM      ЭMPM, ТМРА  2004 жылдың
   қызметтер көрсету ережесi      бұйрығы   (келiсiм    III тоқсаны
                                            бойынша),
                                            "KEGOC"
                                            ААҚ, ҚЭҚ

11 Жүйелiк және көмекшi           ЭМРМ      ЭМРМ, ТМРА  2004 жылдың
   қызметтер рыногын ұйымдастыру  бұйрығы   (келiсiм    III тоқсаны
   және қалыптастыру ережесi                бойынша),
                                            "КОРЭМ"
                                            ЖАҚ,
                                            "KEGOC"
                                            ААҚ, ҚЭҚ

12 Жүйелiк және көмекшi қызметтер ЭMPM      ЭМРМ        2004 жылдың
   рыногын iске қосу және         бұйрығы               IV тоқсаны
   сенiмдiлiк стандарттарына
   сәйкес қуаттардың резервтерiн
   қалыптастыру

13 Электр энергиясының көтерме    ЭМРМ      ЭMPM,       2004 жылдың
   сауда субъектілерiнiң АСКУЭ    бұйрығы   "KEGOC"     III тоқсаны
   құру бағдарламасы                        ААҚ,
                                            "КОРЭМ"
                                            ЖАҚ, ҚЭҚ

14 Жүйелiк оператордың АСКУЭ      ЭMPM      "KEGOC"     2005 жылдың
   қолданысқа енгізу              бұйрығы   ААҚ         I тоқсаны

15 Ұлттық электр желiсi бойынша   ТМРА      ТМРА        2004 жылдың
   электр энергиясының берiлiсi   бұйрығы   (келiсiм    IV тоқсаны
   бойынша қызметтерге арналған             бойынша),
   тариф құрау әдiснамасын                  ЭМРМ
   жетiлдiру

16 Электр энергиясын сатып        Сауда-    "КОРЭМ"     2004 жылдың
   алуға-сатуға арналған ұзақ-    саттықтар ЖАҚ         III тоқсаны
   және орта мерзiмдi келiсiм-
   шарттармен электр
   энергиясының орталықтанды.
   рылған сауда-саттықтарын iске
   қосу

17 "Нақты уақыт" режимiнде        ЭMPM      ЭMPM, ТМРА  200 жылдың
   теңгерiмдейтін тетiктi         бұйрығы   (келiсiм    IV тоқсаны
   (рынокты) қалыптастыру                   бойынша),
   ережесi                                  ӘМ, "КЕGОС"
                                            ААҚ,
                                            "KOPЭM"
                                            ЖАҚ, ҚЭҚ

18 SCADА/EMS автоматтандырылған   ЭMPМ      ЭМРМ,       2005 жылдың
   жүйесiн пайдалануды iске қосу  бұйрығы   "КЕGОС" ААҚ III тоқсаны

19 Тiкелей бөлшек сауда           ЭMPM      ЭМРМ, ТМРА  2005 жылдың
   тұтынушылары үшiн электр       бұйрығы   (келiсiм    II тоқсаны
   энергиясының бәсекелiк                   бойынша),
   рыногына шығу шегiн                      "KEGOC"     2005 жылдың
   тұтынушылардың бұрынғы                   ААҚ,        IV тоқсаны
   деңгейiнен (5 МВт)                       "КОРЭМ"
   - 2,0 МВт,                               ЖАҚ
   - 1,0 MBT дейiн тiзбектi
   азайту

20 "Нақты уақыт" режимiнде        ЭMPM      ЭMPM,       2005 жылдың
   теңгерiмдейтiн рынокты         бұйрығы   "KEGOC"     III тоқсаны
   iске қосу                                ААҚ, ЖАҚ
                                            "КОРЭМ"
                                            ЖАҚ
21 Жүйелiк оператордың тәулiктiк  ЭМРМ      ЭMPM,       2005 жылдың
   кестесiн және нақты            бұйрығы   "KEGOC"     IV тоқсаны
   теңгерiмiн жасау жөнiндегi               AAҚ,
   функцияларды беру                        "KOPЭM"
                                            ЖАҚ

   Бөлшек сауда рыногында нарықтық қатынастарды дамыту кезеңдер

22 Қызмет түрлерi бойынша және    ТМРА      ТМРА        2004 жылдың
   өткiзу қызметiн энергиямен     бұйрығы   (келiсiм    III тоқсаны
   жабдықтаушы ұйымдарға беру               бойынша),
   бойынша ӨЭК-да шығындарды                ЭMPM
   бөлектеп есептеу ережесi

23 ӨЭК-нiң (олардың меншiк        ӨЭК-нiң   ТМРА        01.10.2004
   иеленушiлерiнiң) ЭЖҰ құруы     (олардың  (келiсiм    жылға дейiн
   және оларға электрмен          меншiк    бойынша),
   жабдықтау функцияларын         иеленушi. ЭMPM,
   беру ("Электр энергетикасы     лерiнiң)  ҚМ, ӘМ
   туралы" ҚР Заңына өзгерiстер   шешiмде.
   мен толықтыруларға сәйкес)     рi, сот
                                  талап-
                                  арыздары
                                  (қажет
                                  болған
                                  жағдайда)

24 Өңiрлiк электр станциялар      Сатылас   ТМРА        2004 жылдың
   мен ӨЭК дербес заңды           бiрiктi.  (келiсiм    IV тоқсаны
   тұлғаларға бөлумен сатылас     рiлген    бойынша),
   бiрiктiрiлген өңiрлiк          өңiрлiк   ЭMPM
   энергия компанияларын          компания.
   қайта құрылымдау               лардың
                                  (олардың
                                  меншiк
                                  иеленушi.
                                  лерiнiң)
                                  шешiмде.
                                  рi, сот
                                  талап-
                                  арыздары
                                  (қажет
                                  болған
                                  жағдайда)

25 "Электр энергетикасы туралы"   Қазақстан ЭMPM, ТМРА  200 жылдың
   ҚР Заңына өзгерiстер мен       Респу.    (келiсiм    IV тоқсаны
   толықтыруларға сәйкес бiр      бликасы   бойынша),
   әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi     Yкiме.    ӨЭК-ы,
   шектерiнде жұмыс iстейтiн      тiнiң     (олардың
   электр торабы компанияларының  қаулысы,  меншiк
   бiрiгуi (қосылуы)              ӨЭК-нiң   иелену.
                                  (олардың  шiлерi)
                                  меншiк
                                  иеленушi.
                                  лерінің)
                                  шешiмде.
                                  рi, сот
                                  талап-
                                  арыздары
                                  (қажет
                                  болған
                                  жағдайда)

26 Ашық сауда-саттықтарға         Қазақстан ҚМ, TMPA   2004 жылдың
   өңiрлiк электр тораптық        Респу.    (келiсiм   II тоқсанынан
   компаниялардың (ӨЭК)           бликасы   бойынша),  2004 жылдың
   акционерлiк қоғамдары          Үкiме.    ЭМРМ       15 сәуіріне  
   акцияларының мемлекеттік       тiнiң                дейін 
   пакеттерiн шығару              қаулысы,
   (инвестициялық тендерлердi     ҚР ҚМ
   қоспағанда)                    ММЖК-нiң
                                  бұйрығы

27 Электр энергиясы мен           ЭMPM      ЭМРМ, АРЕМ  2004 жылдың
   қызметтердiң бөлшек сауда      бұйрығы   (келiсiм    III тоқсаны
   рыногын ұйымдастыру және                 бойынша),
   қалыптастыру ережесi                     "KOPЭM"
                                            ЖАҚ, ҚЭҚ

28 Электр энергиясы мен           ЭMPM      ЭМРМ, АРЕМ  2004 жылдың
   қызметтердiң бөлшек сауда      бұйрығы   (келiсiм    III тоқсаны
   рыногына қол жеткiзу ережесi             бойынша),
                                            "KOPЭM"
                                            ЖАҚ, ҚЭҚ

29 Бiрнеше ӨЭК-ның орта           TMPA      TMPA        2004 жылдың
   мерзiмдiк (тұрақты) тариф      бұйрығы   (келiсiм    IV тоқсаны
   бойынша жұмысқа көшуi жөнiнде            бойынша),
   пилоттық жобаны iске асыру               ЭМРМ

30 ӨЭК тарифiнде нормативтiк      ТМРА      ТМРА        2004 жылдың
   техникалық ысыраптардың        бұйрығы   (келiсiм    ІV тоқсаны
   өтемақысына байланысты                   бойынша)
   шығындарға "кiруге" арналған
   есеп жүргізу

31 2,0 MBT электр тұтыну          ЭМРМ      ӨЭК, электр 2004 жылдың
   қуатымен және АСКУЭ            бұйрығы   станциялар  III тоқсаны-
   жүйелерiмен және ақпарат беру            және        2005 жылдың
   жүйелерiмен, АСКУЭ                       тiкелей     II тоқсаны
   жүйелерiмен сәйкестендiрiлген            бөлшек
   және Жүйелiк оператордың                 сауда
   ақпарат беру жүйелерiмен ӨЭК,            тұтыну.
   электр станцияларын және                 шылары
   тiкелей бөлшек сауда
   тұтынушыларын жарақтандыру
__________________________________________________________________