Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 18 ақпандағы N 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі N 987 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 465 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Келiмбетов Қайрат Нематұлы,
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлы;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі