Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2014 № 68 қаулысымен.
"Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау ережесi;
2) Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 16 ақпандағы
N 184 қаулысымен
бекiтiлген
Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Стандарттау туралы " 1999 жылғы 16 шiлдедегi, " Денсаулық сақтау жүйесi туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласында стандарттау жүргiзудiң тәртiбi мен шартын белгiлейдi. K090193
2. Денсаулық сақтау субъектiлерi өзiнiң қызметiнде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкілетті орган) белгілеген денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды басшылыққа алуы тиiс.
3. Денсаулық сақтау саласындағы стандарт - қызметтiң әртүрлi түрлерiне немесе олардың нәтижелерiне қатысты ережелердi, жалпы қағидаттарды немесе сипаттамаларды денсаулық сақтау саласында жалпыға ортақ және көп дүркiндiк пайдалануды белгiлейтiн мүдделi тараптардың келiсiмiнiң негiзiнде уәкiлеттi орган әзірлеген құжат.
4. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау - нақты қолданыстағы немесе әлеуеттi мiндеттерге қатысты жалпыға ортақ және көп дүркiндiк пайдалану үшiн саладағы ережелердi ретке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне жетуге бағытталған уәкiлеттi органның қызметi.
5. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар:
1) ұйымдастыру технологияларын;
2) медициналық қызметтер көрсетудi;
3) медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру процесiнде пайдаланылатын технологияларды;
4) дәрiлiк заттарды және медициналық бұйымдарды өндiрудi, сатудың шарттарын олардың сапасын;
5) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн;
6) есепке алу-есеп беру құжаттамасын қамтиды.
6. Денсаулық сақтау стандарттары денсаулық сақтау ұйымдары және жеке медициналық iс-тәжiрибемен айналысатын жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау тәртiбi
7. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
8. Уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды әзiрлеудiң қажеттiлiгiн белгiлейдi және конкурстық негiзде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды әзiрлеудi ұйымдастырады.
9. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды iске асыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттардың шегiнде жүзеге асырылады.
10. Конкурсты өткiзу тәртiбiн, конкурстық комиссия туралы ереженi және оның құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
11. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың әзiрленген жобалары денсаулық сақтау саласындағы стандарттау жөнiндегi сараптама кеңесiне - денсаулық сақтау саласындағы стандарттау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган құрған жұмысшы органға ұсынылады.
12. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау жөнiндегi сараптама кеңесi туралы ереже мен оның құрамы уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
13. Денсаулық сақтау стандарттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлейдi және есептiк тiркелуге жатады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 16 ақпандағы
N 184 қаулысымен
бекiтiлген
Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Стандарттау туралы " 1999 жылғы 16 шiлдедегi, " Денсаулық сақтау жүйесi туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласындағы стандарттаудың сақталуына бақылау жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi. K090193
2. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген стандарттардың сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
4. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын бұзу фактiлерiн анықтау, тыю және жою денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылаудың негiзгi мiндеттерi болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын
бақылауды жүзеге асыру тәртiбi
5. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды ағымдағы және жоспарлы тексерулер арқылы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
6. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылау денсаулық сақтау субъектiлерiнде денсаулық сақтау саласындағы процестердi, жұмыстар мен қызметтердi орындау кезiнде, сондай-ақ өнiмдердi немесе қызметтердi өндiруге, дайындауға, сатуға, қолдануға (пайдалануға), сақтауға, тасымалдау мен пайдаға асыруға әзiрлеу мен жеткiзу сатыларында жүзеге асырылады.
7. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуы жөнiндегi жоспарлы тексерулерiнiң кезеңдiгiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
8. Денсаулық сақтау саласындағы өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызметтердiң қанағаттанарлықсыз сапасына азаматтардың тарапынан шағым жасалған кезде жоспардан тыс тексерулер жүргізілуі мүмкін.
9. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуы жөнiндегi тексерулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеледi.
10. Өзiнiң қызметiнде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтамаған денсаулық сақтау субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган ықпал ету шараларын қолданады.
11. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын тексеру кезiнде туындайтын даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
12. Денсаулық сақтау субъектiлерi денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтамаса Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.