Әскери қызметті өткеру кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердiң мәйiттерiн жеткiзудi әзiрлеуге, мәйiттерiн жеткiзуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 174 қаулысы

Қолданыстағы

      "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Әскери қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердiң, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттілердің мәйiттерiн жеткiзудi әзiрлеуге, мәйiттерiн жеткiзуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстар айлық есептiк көрсеткiштiң сексен еселiк мөлшерiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі