Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 2 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының "Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты өлді деп жариялау туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 1968 жылғы 25 қыркүйектегі N 9 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының атауындағы "Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы", "азаматты" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы", "адамды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспеде:
бірінші және жиырма бесінші абзацтарда "Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта "АІЖК-нің 250-бабы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 297-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта "АК-нің 18 және 21" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 28, 31 (бұдан әрі - АК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацта "251-бабы" деген сөздер "298-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші абзацта "218-бабы" деген сөздер "249-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
он тоғызыншы абзацта "21-бабы" деген сөздер "31-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану және адамды өлді деп жариялау туралы істерді қарау кезінде прокурордың қатысу міндеттілігі жөнінде АІЖК-нің 55, 299-баптарының талаптарына қарамастан соттар кейде мұндай істерді прокурордың қатысуынсыз қарай алады.";
төртінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он төртінші, он алтыншы, он сегізінші, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтар алынып тасталсын;
3) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. АІЖК-нің 298-бабына сәйкес, судья істі соттың қарауына әзірлеу кезінде кімнің жоқ адам туралы мәлімет бере алатынын анықтайды, сондай-ақ жоқ адамның соңғы мәлім болған тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша тиісті ұйымдардан ол туралы бар мәліметтерді сұрайды.
Сот мұндай мәліметтерді жоқ адамның соңғы қызмет орны бойынша, туылған жері бойынша, ата-аналары мен жақын туыстарының тұрғылықты жері бойынша сұратуы (талап етуі) мүмкін.
Судья арыз қабылданғаннан кейін арыз берушінің есебінен жергілікті газетке істің қозғалғаны туралы хабар беру туралы ұйғарым шығарады. Хабардың мазмұны АІЖК-нің 298-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес келуге тиіс.";
4) 3-тармақта:
а)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"а) АК-нің 28, 31-баптарына және АІЖК-нің 296-бабының 2-тармағына сәйкес адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану және адамды өлді деп жариялау туралы іс оның отбасы мүшелерінің, прокурордың, қоғамдық бірлестіктің, қорғаншы және қамқоршы органдардың және өзге де мүдделі адамдардың арызы бойынша басталуы мүмкін.
АІЖК-нің 8-бабына сәйкес заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқығы бар және олар үшін адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе адамды өлді деп жариялау меншіктік және мүліктік құқықтың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соғуы мүмкін жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар, азаматтар мүдделі тұлғалар болып танылады;";
б)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"б) соттар арызды қабылдап алу кезінде АІЖК-нің 297-бабына сәйкес, арызда оны берушіге адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану және адамды өлді деп жариялау қандай мақсат үшін қажет екендігі көрсетілуге тиіс екенін, сондай-ақ адамның хабар-ошарсыз кетуін растайтын мән-жайлар не хабар-ошарсыз кеткен адамның қаза табу қаупін төндірген немесе оны белгілі бір жазатайым жағдайдан қайтыс болды деп жорамалдауға негіз болатын мән-жайлар айтылуға тиіс екенін назарда ұстаулары қажет. Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілер немесе өзге де жеке тұлғалар жөніндегі арызда соғыс қимылдарының аяқталған күні көрсетіледі. Арызданушы осы талаптарды орындамаған жағдайда АІЖК-нің 155-бабына сәйкес арыз қараусыз қалдырылады;";
в) тармақшада "21-бабы" деген сөздер "31-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) тармақшада "оны" деген сөздер алынып тасталсын;
е) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"е) АІЖК-нің 31-бабының ережелеріне сәйкес, өлді деп жарияланған адамның өлген күні болып оны өлді деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енген күні саналады. Адамның хабар-ошарсыз кетуін растайтын мән-жайлар не хабар-ошарсыз кеткен адамның қаза табу қаупін төндірген немесе оны белгілі бір жазатайым жағдайдан қайтыс болды деп жорамалдауға негіз болатын мән-жайлар туындаған жағдайда сот бұл адамның өлген күні деп оны қайтыс болды деп жорамалдаған күнді тануы мүмкін;";
ж)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"ж) Хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған адам келген немесе оның жүрген жері анықталған жағдайда сот мүдделі адамның не хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған адамның өз арызы бойынша іс бойынша іс жүргізуді қайта қалпына келтіреді және жаңа шешім шығарып, өзінің бұрын шығарған шешімінің күшін жояды. Мұндай шешім мүлікке қамқорлық жасауды алып тастауға және азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы оның өлгені туралы жазбаны жоюға негіз болып табылады.";
5) 4-тармақта "252-бабы" деген сөздер "299-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 6-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы |