Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтың 1) тармақшасының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 Қаулысымен.
2) "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543 қаулысына (Қазақстан Республикасына ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 149-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі