Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 20 наурыздағы N 237
қаулысына
:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегі мемлекеттiк
ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Марченко - Қазақстан Республикасы Премьер-
Григорий Александрович Министрiнiң бiрiншi орынбасары,
төраға
Лукин - Қазақстан Республикасының
Андрей Иванович Индустрия және caудa вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi
Алик Жатқамбайұлы iстер вице-министрi
мынадай:
"Досжан - Қазақстан Республикасының
Ардақ Дүкенбайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм вице-министрi"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Досжан - Қазақстан Республикасының
Ардақ Дүкенбайұлы Ақпарат вице-министрi";
көрсетiлген құрамнан: Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Қанат Таупекұлы Тоқсейiтов, Александр Иванович Андрющенко шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543
қаулысына
(Қазақстан Республикасына ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 149-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.