Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29., 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрi 470-156-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"470-156. "Балдәурен" республикалық оқу-
сауықтыру орталығы" республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Щучинск қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 157-7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"157-7. "Балдәурен оқу-сауықтыру орталығы".