Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 112 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29., 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрi 470-156-жол мынадай редакцияда жазылсын: 

"470-156. "Балдәурен" республикалық оқу-
           сауықтыру орталығы" республикалық
           мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны     Щучинск қаласы";

      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Mинистрі